AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атаулы көмектің мәні өзгереді

Атаулы көмектің мәні өзгереді

Әлеумет 05.12.2022, 05:07 923
Атаулы көмектің мәні өзгереді
masa24.kz

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министр Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік саясатты құруға негіз болатынын және оның басты мақсаты - қазақстандық отбасының әл-ауқатын көтеру мен нығайтудың базалық жағдайын қалыптастыру екенін атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшарт жасау қарастырылады.



«Әлеуметтік кодексті әзірлеуде халықаралық тәжірибелер зерделеніп, еліміздің ерекшелігін ескере отырып, негіз ретінде Еуропалық одақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды. Кодекстің жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптан тұрады. Бірінші новелла – Отбасының цифрлық картасы (ОЦК). Ол мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады», - деді Т. Дүйсенова.



Осы орайда онда 6,3 млн қазақстандық отбасы немесе 19,4 млн азамат туралы ақпаратты қамтылады.



«Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұсынған Алкире-Фостер моделін пайдалана отырып, әрбір отбасының әл-ауқат дәрежесін анықтадық және оларды 5 санатқа бөлдік. Нәтижесінде, әлеуметтік саясат іс-шараларының отбасы әл-ауқатын көтеруге қаншалықты ықпал еткендігін, яғни тиімділігін бағаладық. Сонымен бірге отбасыларларға және олардың мүшелеріне қандай мемлекеттік көмектің түрі қажет екенін анықтауға мүмкіндік алдық», - деді министр.



Ведомство басшысы ОЦК мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы болатынын атап өтті.



«Біріншіден, атаулы көмектің мәні өзгереді. Енді атаулы көмек отбасыны немесе азаматты қиын өмірлік жағдайдан шығара алатын атаулы шара ретінде қарастырылатын болады. Екінші өзгеріс - қолданыстағы әлеуметтік контракттың жаңа мазмұнына қатысты, яғни тараптардың жауапкершілігін арттыру қаралып отыр. Мемлекет нақты бір отбасының әл-ауқат дәрежесіне қарап, атаулы шара көрсетуге міндетті болса, оны алушы отбасы бұл шараларды өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін орындауға міндетті», - деді Тамара Дүйсенова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #атаулы #әлеуметтік #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);