AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атаулы әлеуметтік көмекті беру талаптары өзгермек

Атаулы әлеуметтік көмекті беру талаптары өзгермек

Әлеумет 11.11.2022, 13:31 1,813
Атаулы әлеуметтік көмекті беру талаптары өзгермек
Сурет: Ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Көзделіп отырған өзгерістер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға қабылданған түзетулерге байланысты енгізілмекші.


Атап айтқанда, мынадай жаңашылдықтар ұсынылып отыр:


- кепілді әлеуметтік пакетті ұсыну, оның құнын өтеу тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс істеу мәселелерін реттейтін ережелерді алып тастау;


- АӘК көрсетуге өтініш беру тәртібін проактивті форматта ұйымдастыру;


- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының АӘК уақтылы төлеуді қамтамасыз етуі және АӘК төлемдерінің ай сайынғы қажеттілігін, төлемдер кестесін қалыптастыру, тиісті уәкілетті мемлекеттік органға АӘК төлеуге қаражаттың қажеттілігі туралы өтінімді жіберу жөніндегі құзыретін айқындау;


- АӘК тағайындау кезеңіне 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу.


Бұл ретте проактивті қызмет оны алушының өтінішінсіз-ақ, яғни, жауапты ведомствоның бастамасы бойынша көрсетілетіні айтылған.


АӘК алушы учаскелік комиссияға өзінің материалдық жағдайын тексеруге келісім беруі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауғы негіз болмақ.


Осылайша, учаскелік комиссияға материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім берілген күн АӘК тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.


Сондай-ақ құжатта АӘК-ті белсенді форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірін тіркеу қажет екендігі айтылған.


Бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға АӘК және ай сайынғы қосымша төлемді төлеуді уәкілетті орган мемлекеттік корпорация арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына немесе электрондық әмияндарға электрондық ақшамен аудару арқылы жүргізеді.


Бұл ретте бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлем балалардың жасын ескере отырып, ағымдағы тоқсанға АӘК алушыларға тағайындалады және ай сайын төленеді.


АӘК тағайындау туралы өтініште бір жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларды, оның ішінде ағымдағы тоқсанда бір жасқа толған балаларды көрсету қажет.


Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімде баланың жасын ескере отырып, балаларға ай сайынғы қосымша төлем төлеу кезеңі көрсетіледі. Бала қайтыс болған жағдайда ай сайынғы қосымша төлем бала қайтыс болған айға төленеді.


Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі деп көзделеді.


Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында 25 қарашаға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АӘК #ереже #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика