AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Атақ саудасы" қоғамды шырмап жатыр: Aqshamnews оқ...

"Атақ саудасы" қоғамды шырмап жатыр: Aqshamnews оқырмандары не дейді?

Мұны білген жөн 28.01.2026, 09:25 268 Сұлу
"Атақ саудасы" қоғамды шырмап жатыр: Aqshamnews оқырмандары не дейді?
Жасанды интеллект

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жалған атақ пен медаль таратуды "қауіпті дертке" теңеп, Үкіметтен нақты әрі қатаң шаралар қабылдауды талап етті. Депутаттың айтуынша, кейінгі жылдары атақ-марапат "тауарға" айналып, оның салдары әсіресе білім беру саласына өтіп барады. Осы тақырыпқа байланысты Aqshamnews.kz редакциясы оқырмандар арасында "атақ сатып алу" туралы сауалнама жүргізіп көрді.

Депутат премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атына жолдаған депутаттық сауалында марапат институтының беделі құнсызданып бара жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, аты-жөні беймәлім қоғамдық ұйымдар түрлі орден-медаль, атақтарды ашық не жасырын түрде сатып, тіпті салтанатты шоуға айналдырып отырған көрінеді.

"Атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды? Атаққұмарлық кәдімгі дертке айналып барады. Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенир сияқты", – деді депутат.

Сауалда келтірілген мәліметтерге сәйкес, "Қазақстанның құрметті азаматы", "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері", "Ұлт ұстазы" секілді атақтар 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін "бағаланып", төлеген адамға медаль, орден, куәлік және сахналық марапаттау рәсімі қоса ұсынылатын жағдайлар айтылған.

Aqshamnews сауалнамасы: оқырман көзқарасы қандай?

Осы тақырып қоғамда қызу талқыланып жатқандықтан, Aqshamnews.kz әлеуметтік желідегі оқырмандар арасында "атақ сатып алу" мәселесіне қатысты шағын сауалнама жүргізді.

"Сізге немесе танысыңызға “ақшаға атақ/медаль алу” туралы ұсыныс жасалды ма?"

  • Иә, өзіме тікелей ұсыныс болды - шамамен 18%
  • Иә, таныстарымнан естідім - шамамен 42%
  • Жоқ, кездестірмедім - шамамен 40%

"Қоғамдық ұйымдардың “марапат таратуына” заңмен шектеу енгізген дұрыс па?"

  • Иә, қатаң бақылау қажет - шамамен 74%
  • Реттеу керек, бірақ толық тыйым болмасын - шамамен 19%
  • Қажет емес, әркім өзі біледі - шамамен 7%

"Жалған марапаттың ең зиян саласы қайсы?"

  • Білім беру (мұғалім мәртебесі, бәсеке) - шамамен 46%
  • Мемлекеттік марапат беделінің түсуі - шамамен 33%
  • Қоғамдық сана, “көзбояушылық” мәдениеті - шамамен 21%

"Адам не үшін атақ сатып алады деп ойлайсыздар?"

  • Иә, айыппұл/әкімшілік жаза болуы тиіс - шамамен 52%
  • Иә, қылмыстық жауапкершілікке дейін қатаңдату керек - шамамен 28%
  • Тек түсіндірумен шектелген дұрыс - шамамен 20%

Депутат ұсынған нақты шаралар

Депутат Үкіметке бірнеше бағытта қатаң тетіктер керек екенін жеткізді:

  • 2025 жылғы маусымда қабылданған заңнамалық өзгерістердің толық әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық марапаттарды заңсыз тарату фактілері бойынша әкімшілік және өзге де құқықтық шараларды жүйелі қолдану;
  • Мемлекеттік және қоғамдық наградалардың бірыңғай цифрлық тіркелімін енгізіп, ашықтық пен бақылауды күшейту.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#атақ #сату #бедел #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика