Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

Әлеумет 27.08.2021, 09:05 2,826
АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!
atr.kz

Адам баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылыққа бағынатыны секілді, әлемді мекен еткен кез келген мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық елдегі мойындалған атауы – Конституция. Конституция – мемлекеттің төлқұжаты, Тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі, бейбітшілік пен татулықтың ең басты тетігі. Биыл азат елдің айбары болған Ата Заңымызға – 26 жыл!


Осы орайда Ата Заңымыз туралы қызықты мәліметтерді назарға ұсынып отырмыз. Еліміздің басты заңын толық оқымаған болсаңыз, бұл сізге таптырмайтын ақпарат болмақ.



  • 1995 жылы Конституция жоба­сын талқылауға үш миллионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылған.

  • ҚР Конституциясы қабылдан­ғаннан кейін небары үш-ақ рет өзгер­тулер мен толықтырулар енгізілді. Ол – 1998, 2007 және 2011 жылдар.



  • Тәуелсіздіктің 10 жылдық, 15 жылдық, 20 жылдық мерейтойлары құрметіне арнайы пошта маркалары жарық көрді. 2005 жылы 10 жылдық құрметіне 72 теңгелік номиналды марка, 2010 жылы 15 жылдыққа, 2015 жылы 20 жыл толуына орай пошталық марка шығарылды.

  • Ата Заң мәтінінің орысша нұсқасына (7168 сөз) қарағанда, қазақ тіліндегі нұсқасында (8904) сөз көп. Оның ішінде «және» сөзі жиі қайталанады екен. Заңда бұл сөз 224 рет кездеседі. Ал «Республика» сөзі 126 рет (орысшасында 305), «Қазақстан» сөзі 111 рет, «Парламент» сөзі 82 рет, «бап» сөзі 100 рет қайталанады.

  • Конституциядағы ең көп бап қарастырылған бөлім – «Парламент» (61 бап), ал ең аз бап «Адам және азамат» (39 бап) бөліміне тиесілі.

  • Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін және РСФСР-дің 1925 жылғы Конституциясын ескере отырып, Қазақ АССР Орталық Атқару комитетінің қаулысымен түпкілікті редакцияда қабылданған. Осы Негізгі Заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының, атқарушы шешуші органдардың құрылымын бекітті. Конституцияға сәйкес, Қазақстан РСФСР құрамындағы тең құқықты республика болды.

  • Конституция күнінің құрметіне 2014 жылы Елордада ең ұзын «Италия пирогі» пісірілді. Ол жоспардағыдай 15 метр болып шықпағанымен, 5 метрге жетіп, рекорд орнатты. Бұл пирогтан қаладағы Конституцияға байланысты сұрақтарға жауап берген тұрғындар дәм татты.

  • Конституцияның баспалық нұсқасының 30-дан астам түрі бар. Оның ең қарапайым, жұмсақ мұқабалы түрін 200–500 теңгеге сатып алуға болады. Оның өте қымбат тұратын түрлері де бар.


Интернет арқылы өткізілген бәссаудада Конституцияның ең қымбат нұсқасы 130 мың теңгеге сатылды, онда Президенттің қолтаңбасы болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Атазаң #Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика