ffin.kz

Ата заңның ардақтылары

Ата заңның ардақтылары

Өркениет перзенті


Өз тәуелсіздігіне қол жеткізген, ізгілік пен әділдік салтанат құрған зайырлы мемлекеттің Конституциясының өмірге келуі белгілі тұлғалар Сұлтан Сартаев пен Салық Зимановтың есімімен де тығыз байланысты.


«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп ұлы Абай айтқандай, замандастарынан оза туған ірі тарихи тұлғалардың бірі, 500- ден аса ғылыми еңбектің авторы, мемлекетіміздің Заңгерлер одағының тұңғыш президенті, егеменді еліміздің заң ғылымының негізін қалаушылардың бірі – Сұлтан Сартаев.


Еліміз тәуелсіздігін алып, өркениетті елдер қатарынан көрінуге талпыныс жасап жатқан шақта еліміздің заң ғылымының негізін қалаған да қазақ өркениетінің перзенті Сұлтан Сартаев болатын.


Академик Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда ауылды жерде – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жаңақорған елдімекенінде ауыл еңбекшісінің, майдангердің, үш рет жараланған, сегіз баланың әкесі, соның ішінде үш ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірген жанұяда дүниеге келген. Қазақтың ежелгі салты бойынша Сұлтан атасы Алиярдың қолында тәрбие алып, әкесінің атын атап, Сартай деп өскен.


Сұлтан ағамыз бір сұхбатында өзінің еңбек жолы туралы былай деп толғайды: «Қазақстан 1991 жылдың 8 желтоқсанында Кеңес Одағы тарағаннан кейін 8 күн өткен соң дүние жүзіне өз Тәуелсіздігін жариялады. Парламент мінберінде 16 желтоқсан күні оны әлемге жариялау маған жүктелді. Сол сәттегі сезімді әлі күнге дейін сөзбен жеткізе алмаймын».


Ғалымның руханиятқа барынша ден қоятынын оның өзінің туып-өскен жерінде мешіт салуынан көруге болады. 850 адам сиятын ғибадат орнының сырты бұқар кірпішімен безендірілген. Жалпы құны 495 мың долларға түскен. Сосын қазақ даласының ғұламасы, Ислам өркениетінің насихатшысы, имам, ақын Хусам ад-дин Сығанақиге, 17 құрсақ көтеріп, елі үшін қызмет еткен Үміт анаға, Жаңақорған өңірінің тумасы, өмірден ерте кеткен композитор Бексұлтан Байкенжеевке арнап, басы-аяғы қола мен граниттен жасалған әрқайсысы 6,5 тонналық үш ескерткіш пен бір мешіт тұрғызады. Бұл туралы Сұлтан Сартаев соңғы сұхбатында өмір жолын баян ете келіп, «еліме жасаған жақсылығым осылар» деп сыр ақтарған еді.


Заңғар заңгер


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық Зиманов ғалым, азамат, мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда: «Салық Зиманұлы Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерін қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірді. Ол «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияны, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды, алғашқы Ата Заңымызды әзірлеуге атсалысты.


Сондай-ақ, Қазақстандағы парламентаризм институтын дамытуға айрықша үлес қосты . Әйгілі ғалым, құқық саласының қыр-сырына терең бойлап, тағылымды еңбектер жазып қалдырды. Әсіресе, еліміздің саяси және құқықтық тарихы, билер институты секілді тың тақырыптарды терең зерттеді. Оның мол мұрасы алдағы уақытта да ел игілігіне айнала беретіні анық. Салық Зиманұлы ұлағатты ұстаз ретінде көптеген білікті заңгерлер тәрбиелеп өсірді. Оның шәкірттері ел экономикасының түрлі саласында табысты еңбек етіп жүр» деп заңғар тұлға туралы ерекше ықыласпен пікір білдірген болатын.


Салық Зиманов Қазақстан қоғамы үшін аса ауыр кезде туып, 1921 жыл, құбылып соққан заманалар желіне қарамай, нағыз ер-азаматтың намысты жолымен өсіп- жетіліп, оқып-тоқып өзімен бірге ұлтты жетелеген, Алатаудың биігіндей асқаралы деңгейге жеткізген Салық ағаның Қазақстан үшін орны ерекше. Мектепті бітіре салып, қанаты қатаймай жатып-ақ мұғалім болу – бала Салықтың дана Салыққа қарай бастаған алғашқы қадамы еді. Ғалым қазақстандық парламентаризмінің қалыптасуы мен дамуын анықтаған ҚазССР және ҚР Жоғарғы Кеңесінің XII және XIII шақырылымдарында аса белсенді депутаттар қатарында болып, тәуелсіздігіміздің нығаюына атсалысты. Сонымен қатар, заңгердің Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» тарихи конституциялық заңды, 1993 жылғы Конституцияны әзірлеуде еңбегі орасан болды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04