Ата-аналарға арналған алтын көпір

Ата-аналарға арналған алтын көпір aqshamnews.kz
 

Әуезов ауданындағы №129 бөбекжай-балабақшасында ата-аналарға арналған «Жақсы біздің бақшамыз» атты ашық есік күні өтті.

 

Бұл шараны үнемі өткізуге тырысамыз, өйткені бұл ата-аналар мен балабақша арасындағы алтын көпір іспетті. Дәстүрге айналған «Ашық есік» барысында ата-аналар балабақша өмірімен жақынырақ танысып, тәрбие мен ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуға, тіпті балабақша қызметкерлерінің рөлдеріне еніп, балалардың тамақтарына дегустация жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бұл күні ата-аналар балабақша меңгерушісімен, әдіскермен, педагог-психологпен, логопедпен, медбикемен және тәрбиешілермен еркін сөйлесіп, түрлі кеңестер алды.

 

«Ашық есікке» қатысқан ата-аналар балабақшаның ішкі тәртіп ережелері мен санитарлық талаптарын қатаң сақтай отырып, оның күнделікті жұмыс тәртібін қайталады. Мысалы, «Аққу» тобының ата-анасы Жазира Абыханова, «Балдәурен» тобының ата-анасы Нұрила Чокенова мен Құралай Нұрым тәрбиеші ретінде балаларға таңғы ас беруді ұйымдастырды. «Құлыншақ» тобының ата-аналары Роза Юсупова, Диляра Ахатова, Алина Керимова, Анастасия Кузнецова, «Ақбұлақ» тобының ата-анасы Ақмарал Макен түске дейінгі іс-шараларға белсене қатысты. «Аққу» тобының ата-анасы Бегайым Темірбекова, «Күншуақ» тобының ата-анасы Шапағат Елеусізова мен Жаннат Телеубаева тәрбиеші рөлінде жұмыс істесе, Әнуар Қалқадамов музыка жетекшісінің міндетін атқарды. «Ақбұлақ» тобының ата-анасы Гүлдана Күлшанова балабақша аспаздарының дәмді тағамдарын сынап, өз бағасын берді.

 

«Ботақан» тобының ата-анасы Жанар Коченова таңертеңнен түске дейінгі барлық іс-шараларға белсене қатысып, балабақшаның күн тәртібімен танысты.

 

Осы күні ата-аналар тәрбиешілердің шеберлігін, балалармен өткізілген түрлі іс-шараларды бақылап, өз бағаларын берді. Балабақша қызметкерлерінің қиын да қызықты еңбегін жоғары бағалап, шынайы ризашылықтарын білдірді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:43

18:58

17:38

17:10

16:16

16:08

16:04

16:02

15:53

15:05

14:42

14:13

14:05

13:28

13:22

12:32

12:21

11:57

11:32

10:50

10:50

10:26

10:13

10:08

10:08