AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ата-анаға айыппұл салу дұрыс па?

Ата-анаға айыппұл салу дұрыс па?

Әлеумет 13.11.2025, 09:15 791
Ата-анаға айыппұл салу дұрыс па?
Сурет: ашық дереккөз

Енді еліміздің мектептерінде телефон пайдаланған оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылуы мүмкін деген ақпаратпен таныс болдық. Негізі бұл талаптың басты мақсаты –  сабақ кезінде оқушылардың назарын тек оқу процесіне аудару. Мамандардың айтуынша, ұялы телефоннан алшақ болған балалардың оқу үлгерімі жақсарып, тәртібі де түзеледі екен. 

Ал жаңа ережеге сәйкес, егер оқушы сабақ үстінде телефон қолданса, әкімшілік жауапкершілік баланың ата-анасына жүктеледі. Бірінші рет тәртіп бұзса ескерту беріледі, жағдай екінші рет қайталанса, ата-анаға 5 АЕК (19660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Айыппұлды мектеп әкімшілігінің шақыруымен келген полиция қызметкері ресімдей алады.

Мұғалімдер де бұл бастаманы қолдап отыр. Шымкент қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі  Айдана Батырхан оқушылардың телефонға алаңдауы білім сапасына теріс әсер ететінін атап өтті.

"Соңғы уақытта оқушылардың сабақ үстінде телефонға алаңдап, оқу қарқынының төмендеп отырғаны байқалады. Телефон тек байланыс құралы ғана емес, ол баланың назарын шашыратып, психикасына, тіпті мінез-құлқына әсер ететін факторға айналып отыр. Сондықтан мектепте, әсіресе сабақ кезінде телефон пайдалануға белгілі деңгейде шектеу қойылғаны дұрыс. Алайда заң бойынша мұғалім оқушының жеке затын күшпен тартып алуға құқығы жоқ. Осыны алға тартып, кей ата-аналардың мұғалімге қысым көрсету, қоқан-лоққы жасау жағдайлары да кездеседі. Сол себепті, телефонды қадағалау және оның дұрыс қолданылуын бақылау ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне жүктелуі тиіс. Мектеп пен ата-ана бірігіп талап қойғанда ғана балада саналы тәртіп қалыптасады."

Ата-ананың да көпшілігі бұл ережені қолдайды. Өйтпегенде ше, телефон тек сабақта ғана емес, үйде де баланың ажырамас "ойыншығына" айналды. Тіпті телефонын алып қойған кезде не істерін білмей қалатын, агрессия көрсететін балалар болады. Осының бәрін біле тұра кей ата-ана айыппұлға қарсы, кейбірі байланыс үшін телефонның ауадай қажет екенін алға тартады.

“Қазір баланың көбі қосымша сабаққа немесе әртүрлі секцияға барады, сондықтан байланыс үшін телефон қажет. Мектепте оны оқу басталарда жинап алып, сабақтың соңында қайтаратынын білеміз, бірақ үзіліс кезінде де балаға телефон қажет болуы мүмкін ғой, мысалы өзіміз көбіне тамақ алатын ақшасын смартфондағы банк картасына салып береміз деген сияқты. Егер оқушы мұғалімді тыңдамай сабақ үстінде телефон көріп отырса әңгіме басқа, бірақ көп балалы ана ретінде мұғалімнің де түр-түрін көріп келемін, "шаш ал десе, бас алатын" апайлар да бар, сондайлардың кесірінен баланың мінезі бұзылмай ма, мектеп пен ата-ананың арасына алауыздық кірмей ме деп те ойлаймын, негізі айыппұл деген ережені жақсылап ойластырып барып енгізу керек шығар", дейді көп бала ана Сәуле Сартайқызы.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, “Білім туралы” заңда оқу процесі кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Бұл норма заңмен бекітілген және оны бұзған жағдайда ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Әзірше білім беру ұйымдарында мұндай заң бұзушылықтар тіркелмеген. Дегенмен, егер тәртіп бұзу фактілері анықталса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша шара қолданылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смартфон #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);