Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ASYK  PARTY-2024» жеңімпаздары анықталды

«ASYK  PARTY-2024» жеңімпаздары анықталды

Әлеумет 06.11.2024, 14:00 1,132
«ASYK  PARTY-2024» жеңімпаздары анықталды
almaty-akshamy.kz

Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында  ұлт болашағын нығайту үшін бұқаралық спортты дамыту қажет екенін баса айтқан еді.  Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мемлекет саясатының басты басымдығының біріне айналып отыр.  Оның үстіне  салауатты ұрпақ қалыптастыру үшін бұқаралық спортты жандандырудың қажет екенін  уақыттың өзі де дәлелдеп отыр.   Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қалалық Спорт басқармасының  тікелей қолдауымен  Түрксіб ауданындағы №211 мектеп-гимназия шаңырағында ұлттық спорт түрлерінен «Asyk party-2024» атты жарыс өтті.

Спорттың жарыстың ашылу салтанатында қалалық Денешынықтыру орталығының директоры Бақтияр Елемесов сөз алып,  жас ұрпақ бойына құндылықты сіңірудің басты жолы-,ұлттық ойындарды насихаттау екеніне тоқталды.

-Қазіргі таңда елімізде спорттың дамуына  айрықша көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып жатыр.  Жастайынан спортты серік еткен баланың болашақта жат ұылықтан аулақ, дені сау болып өсетінін өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?  Біздің қаламызда  спортпен айналысам деген адамға барлық жағдай бар. Тауға шығып, шаңғы тебуге, төменге түсіп коньки тебуге болады. Спорт сарайлары, ойын алаңдары қаншама? Тек уақыт бөліп, спортпен достаса білу керек. Ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты да осы,-деген Орталық директоры спортшыларды биікке бастаған дода жалғасатынын жеткізді.

Ұлттық спортты насихаттау мақсатында өткізіліп отырған додаға ауданның барлық білім мекемелері қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Спорттық  жарысқа  қатысушылар  «Асық ату», «Тымақ ұру», «Арқан тартыс», «Бұқа тартыс», «Бестемше» сынды ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсіп, белсенділік танытты.

-Спорттық жарысқа дайындық барысында оқушылардың ерекше қызығушылығын байқадым. Сондықтан, әрбір мереке аясында осындай үлкен жарыстар өткізуді үрдіске айналдырсақ па деп  отырмыз. Осы балалардың арасында ертеңгі ел намысын қорғайтын атақты спортшылардың  жүрмесіне кім кепіл?-дейді мектеп басшысы Айжан Қасымова.

Ұлттық спорт жарысының қортындысы бойынша №59 мектептің «Алтын сақа» командасы-І орын, №162 мектептің «Қыран» командасы ІІ-орын, №198 мектептің «Сұңқар» командасы ІІІ-орынды иеленді,  «Asuk Party»   эстафетасын №59 мектеп-гимназия жеңіп алды.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#асық #ұлттық өнер #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика