Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астаналық сәулетші LRT-ның орнына трамвай салуды ұ...

Астаналық сәулетші LRT-ның орнына трамвай салуды ұсынды

Әлеумет 23.01.2022, 10:40 1,398
Астаналық сәулетші LRT-ның орнына трамвай салуды ұсынды
Cурет: Inform.kz

Елорда көшелері трамвай желісіне ыңғайлы


Астаналық сәулетші Әмір Әбілов LRT құрылысының орнына трамвай қоғамдық көлік желісін салуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әмір Әбілов жекеменшік компанияда жұмыс істейді және құрылыс нысандарының жобасын әзірлеумен айналысады.


Сала бойынша тәжірибесінің аздығына қарамастан сәулетші елорданың сол жағалауындағы 5 бірдей нысанның авторы.



«Елордада метро болса деген бала күнгі арнаным болған. Дегенмен метро салу оңайға соқпайтынын біліп, трамвай көлігі есіме түсті. Трамвай метро мен LRT-ға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Трамвай – әмбебап көлік және Еуропа елдері оны қайта жандандырып жатыр. Трамвай көлігінің даму тарихы өткен ғасырдың 20 жылдарына сәйкес келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін трамвайға сұраныс азайып, жеңіл автокөлік жүйесі дами түсті. Адамдар машина алып, жолдар да соған сай салына бастады. 90-шы жылдары еуропалықтар жеңіл автокөлік санының көбеюіне байланысты, жолдарды кеңейту мәселені шешпейтінін түсінді. Осылайша адамдарды жеңіл көліктен бас тартып, қоғамдық көлікке отырғызу идеясы туындады. Аталған идея бір жағынан кептеліс проблемасын шешсе, екінші жағынан қаланың экологиясын жақсартады», - деді Ә. Әбілов.



Оның айтуынша, елорданың көшелері трамвай көлігінің желісіне ыңғайлы.



«Мен трамвай желісінің жобасын әзірлеп те қойдым. Оны кезең бойынша жүзеге асыруға болады. Мысалы, жаңа мешіттен ЭКСПО-ға дейін, Қабанбай батыр даңғылынан Самал шағын ауданына дейін және Республика даңғылынан ескі вокзал ауданы яғни Гете көшесіне дейін трамвайды іске қосуға болады. Одан әрі істің қалай жүретінін қадағалау арқылы көлік желісін жетілдіре түсуге болады», - дейді ол.



Сәулетші өз жобасын әзірлеуде Батыс Еуропаның трамвай желісін негізге алған.



«2007 жылы Парижде жаңа трамвай желісі салынды. Сондай-ақ, Марсель қаласында да трамвай желісі жақсы дамыған. Бүгінде бүкіл Еуропада аталған көлік қатынасы желісі қарқынды даму үстінде», - деді маман.



Одан бөлек, Әмір Әбілов астаналықтар үшін қандай насындардың жетіспейтіндігін айтты.



«Меніңше, елордада мектеп жетіспейді. Себебі тұрғын үй кешендерінің саны артып жатыр. Осы орайда қоғамдық орындарды көбейту қажет. Әрине, қала тұрғыны және сәулетші ретінде тұрғындар мен қала қонақтары үшін ыңғайлы инфрақұрылымның болғанын қалаймын», - дейді астаналық сәулетші.



Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын сынға алып, ол бойынша оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #трамвай #LRT
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика