AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанаға үш облыстан 400 тоннадан астам ауыл шаруа...

Астанаға үш облыстан 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді

Әлеумет Бүгін 12:05 46
Астанаға үш облыстан 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Барлық өнімдер жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден тікелей жеткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада Маңғыстау, Алматы және Абай облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Тұрғындарға фермерлерден тікелей жеткізілген ет, балық, сүт және азық-түлік өнімдерінің түр-түрі ұсынылып отыр. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, үш өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері Астанаға 400 тоннадан астам өнім әкелді.

Оның ішінде 170 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 100 тонна ет және ет өнімдері, 40 тонна бал, 25 тонна сүт өнімдері, 17 тонна бақша өнімі, 10 тонна балық және 40 тоннадан астам басқа да азық-түлік бар.

«Бұл жәрмеңке басталғалы тұрақты келіп тұрамын. Себебі жәрмеңке тек қолжетімді бағаға азық-түлік алу мүмкіндігі ғана беріп қоймай, сапасы жоғары, әр өңірдің өзіне тән ерекше өнімдерін алуға септік етеді. Мәселен, өткен аптада Қызылорданың күріші мен тары-талқаны, қауындары үшін келсем, осы жолы Маңғыстаудың шұбаты, қызыл балығы, Семейдің ши бауырсағы мен Саржал қымызы, Алматының апорты үшін келдім. Жалпы жәрмеңке халыққа ерекше бір мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Толтырып бәрін ала беру міндет емес, өңірдің өзіне тән ерекше өнімдерінен дәм тату сол өлкеге барып келгендей әсер сыйлауы маңызды», – дейді елордалық Айгүл Құлданаева.

Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша өңірден елордаға 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Жәрмеңкеге облыстың әр өңірінен келген шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынып отыр.

Жәрмеңке аясында бұл өңірден 50 тоннаға жуық ет, 70 тонна бал, 30 тонна көкөніс, 30 тонна қарбыз, сондай-ақ сүт және шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық тағамдар мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері кең ассортименті ұсынылуда.

Ең бастысы, барлық өнімдер жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден тікелей жеткізілді. Бұл делдалдар санын азайтып, өнімдерді тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.

Басты мақсат – Абай облысының сапалы әрі табиғи өнімдерін елорда тұрғындарына таныстыру, жергілікті өндірушілерді қолдау және өңіраралық сауда байланыстарын нығайту.

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтуде. Сондай-ақ жәрмеңке кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін аталған орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынауда. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 12:47

Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Бүгін 12:39

Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті

Бүгін 11:05

ЖИ-көмекші арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты

Бүгін 10:04

Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Бүгін 09:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);