AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ақтауда «AI Digital Mangystau - 2026» халықаралық...

Ақтауда «AI Digital Mangystau - 2026» халықаралық форумы өтті

Экономика Бүгін 13:05 21
Ақтауда «AI Digital Mangystau - 2026» халықаралық форумы өтті
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде робот-гуманоид пен робототехника және IT саласындағы заманауи әзірлемелер ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақтауда цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларына енгізу, IT-кәсіпкерлікті дамыту және инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған «AI Digital Mangystau - 2026» форумы өтті. Ауқымды іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, IT саласының мамандары, стартаперлер, кәсіпкерлер, технологиялық компаниялардың өкілдері және жастар қатысты.

Форум аясында қатысушылар алдымен жасанды интеллект негізінде әзірленген жобалар мен стартаптар көрмесін аралады. Сондай-ақ робот-гуманоид пен робототехника және IT саласындағы заманауи әзірлемелер ұсынылды. Көрмеге Target AI, Alert X (Intel X), Qamal HR, Jana Market, IUI, Elim Kz, Freedom, Mediana, Edus, Shern 3D және Sanlaq командалары өз жобаларын ұсынды.

Форумның пленарлық бөлімінде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамытудың маңызына тоқталды.

- Мемлекет басшысы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамытуға ерекше басымдық беріп келеді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Жасанды интеллектіні меңгеру мәселесі қазір өте өзекті. Бұл сала қарқынды дамып келеді. Ертеңгі күні артта қалмау үшін уақытымызды жаңа технологияларды үйренуге және дамытуға жұмсауымыз қажет. Алдағы уақытта технологиялық өзгерістер еңбек нарығына да әсер етіп, бірқатар мамандықтардың трансформациялануына және жаңа кәсіптердің қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекет пен Үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп, жаңа технологияларды меңгеруге жағдай жасалып жатыр. Ең бастысы - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, үнемі іздену, білімді жетілдіру және заман талабына сай даму. Баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Форум барысында цифрлық даму мен инновациялық экожүйенің қалыптасуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды. Оларға ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Іс-шара «Жасанды интеллект: Маңғыстау облысының цифрлық болашағы» тақырыбында панельдік сессиямен жалғасты.

Сессияға компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Лаула Орынбасарқызы модераторлық етті. Талқылауға «Mediana Services Limited» компаниясының бас директоры Өмірбек Оразымбетұлы, Target Information Security директоры, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аудитор Лаура Тлепина, Freedom Cloud компаниясының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Алмас Кабсаматов және Маңғыстау облысы әкімінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бауыржан Маханов қатысты.

Сондай-ақ, Astana Hub IT өнімдері кеңсесінің Product Manager-і Әйгерім Даирова «ЖИ дәуірінде цифрлық өнімдерді әзірлеу: идеядан нақты құндылыққа дейін» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Форум аясында Startup Battle, Robo Game байқаулары және GDG Workshop: «Жұмыс істеуге арналған ЖИ құралдары» шеберлік сабағы өтеді. Іс-шара қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары марапатталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Заң мен әділдік» жобасы аясында тұрғындарға заң жағынан тегін көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылықты арттырып жатыр

Бүгін 13:11

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін 12:03

Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді ұсынды

Бүгін 11:45

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:33

Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);