AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда «Заң мен әділдік» жобасы аясында тұрғында...

Алматыда «Заң мен әділдік» жобасы аясында тұрғындарға заң жағынан тегін көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылықты арттырып жатыр

Заң мен тəртіп Бүгін 13:11 23
Алматыда «Заң мен әділдік» жобасы аясында тұрғындарға заң жағынан тегін көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылықты арттырып жатыр
РСК Алматы

Жоба үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда халықтың құқықтық сауатын арттырып, заң жағынан беретін көмекті қолжетімді етуді көздейтін «Заң мен әділдік – елдің іргетасы» деп аталатын жоба жүзеге аса бастады. Жобаның негізгі бағыты, қала тұрғындарын қолдаудың жолы мен алдағы өтетін қалалық құқықтық форум туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жан-жақты баяндап берді.

Жобаның кеңесшісі Айгерім Қадырқұлованың айтуынша, бастама тұрғындар жиі тап болатын құқықтық мәселені шешуге бағытталыпты. Оның қатарында еңбек дауы, тұтынушы құқығын қорғау, отбасылық мәселе, мұрагерлік, алимент өндіру мен интернет-алаяқтыққа қатысты жайт та бар.

«Қала тұрғындары күн сайын түрлі құқықтық мәселеге тап болады. Көбіне олар өз құқығын, қандай құжат жинау керектігін, қайда жүгіну қажет екенін біле бермейді. Кейбірі содан қолын бір сілтеп, енді бірі мәселені заңды жолмен емес, жанжал арқылы шешпек те болады. Жобаны осы жағдайды өзгерту үшін қолға алып отырмыз», – деп түсіндірді спикер.

Жоба үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асады. Бірінші бағыт аясында кездесу өтіп, ақпараттық жадынама, бейнеролик жасалып, әлеуметтік желі арқылы құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Екінші бағыт тұрғындарға заң көмегін көрсетуге арналған. Онда заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, медиаторлар мен мемлекеттік органның өкілдері көмек көрсетеді. Үшінші бағыт балалар мен жастарға бағытталған. Оларға арнап құқықтық тақырыптағы интерактивті ойын мен викторина ұйымдастырылмақшы.

Тұрғындар өз құқығын заңды жолмен қорғай алған оқиғаға негізделген «Мен заңға сенемін» атты бейнероликтер топтамасын әзірлеуді жобаның жеке бағыты қылып алды. Онда нақты мысал арқылы қайда жүгіну керектігі, қандай құжатты дайындап, түрлі жағдайда не істеу керектігін түсіндіреді.

Жобаның серіктестерінің бірі – «Тұран» университеті. Оның базасында 27 қараша күні «Әділетті қала» атты қалалық құқықтық форум өтеді. Университеттің стратегиялық даму, ғылым мен инновация жөніндегі проректоры Дина Разақованың айтуынша, бұл бастамаға қатысу жоғары оқу орнының маман даярлаумен ғана шектелмей, қала өміріне де белсенді араласатынын көрсетеді.

«Университет маман даярлап қана қоймай, сонымен қатар қала өміріне де белсене араласуы керек. Құқықтық мәдениет – кез келген қоғамның іргетасы. Ол ең алдымен жастардың арасында қалыптасады», – дейді Дина Разақова.

Ынтымақтастық аясында университеттің заңгер оқытушылары форумның сараптамалық бағдарламасына қатысады, студенттер ерікті ретінде келушілерге бағыт-бағдар береді. Сондай-ақ оқушылар мен студенттерге арналған кең таралған құқықтық жаңсақ түсінікті, цифрлық қауіпсіздік пен интернеттегі жауапкершілік мәселесін қамтитын «Заң туралы шындық па, әлде миф пе?» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылады.

Форум тұрғындар, мемлекеттік органдар мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері арасындағы өзара байланысқа арналған ашық алаңға айналады. Жоғары экономика мектебінің директоры Эльмира Ералина форумның басты мақсаты – қала тұрғындары үшін құқықтық көмекті қолжетімді етіп, ашық диалог орнатуға жағдай жасау екенін айтады.

«Форум аясында бұл кедергілер жойылады. Тегін кеңес беріледі. Алдын ала жазылып әуре болудың қажеті жоқ. Кеңес беру үстелі сахнадағы бағдарламамен қатар, іс-шара бойы жұмыс істейді. Бұл әсіресе егде жастағыларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі барлар мен жастарға қажет. Яғни заң талабын түсінуге қиналатын тұрғындарға керек», – дейді.

27 қараша күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін «Тұран» университетінде «Құқықтық көмек», «Отбасы құқығы», «Тұтынушылардың құқығын қорғау», «Еңбек құқығы», «Цифрлық қауіпсіздік» пен «Медиация» бағыты бойынша алты консультациялық үстел жұмыс істейді. Қала тұрғындары заңгерлерге, адвокаттарға, нотариустар мен медиаторларға тегін жүгіне алады. Алдын ала жазылып керегі жоқ. Ұйымдастырушылар нақты мәселеге қатысты құжаттар болған жағдайда, олардың көшірмесін өзімен бірге алып келуге кеңес береді.

Жеке консультациядан бөлек, форум бағдарламасында прокуратура, полиция, адвокатура мен медиация өкілдері қатысатын пікірталас өткізіп, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайды талқылау жоспарланған. Сонымен қатар медиацияға арналған жеке алаң да жұмыс істейді. Онда тұрғындар дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкіндігі туралы ақпарат ала алады. Балалар мен жасөспірімдер үшін олардың құқығы мен міндетіне арналған арнаулы интерактивті бағдарлама ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар форумға шамамен 200 адам қатысады деп күтіп отыр. Түскен барлық өтініш жинақталып, қала тұрғындарының арасында жиі кездесетін құқықтық мәселе бойынша талдамалық анықтама әзірлеу жоспарланған. Бұл халықтың өзекті сұранысын анықтап, оларды мемлекеттік органдардың алдағы жұмысында ескеруіне мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда «AI Digital Mangystau - 2026» халықаралық форумы өтті

Бүгін 13:05

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін 12:03

Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді ұсынды

Бүгін 11:45

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:33

Алматыда бір түнде 36 мм дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);