AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада мектеп оқушысы 800 кітап оқып, 100-ге жуы...

Астанада мектеп оқушысы 800 кітап оқып, 100-ге жуық өлең шығарған

Білім және ғылым Бүгін 14:05 48
Астанада мектеп оқушысы 800 кітап оқып, 100-ге жуық өлең шығарған
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Батырдың кітап оқуға әуестенуіне отбасы да әсер еткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елордадағы Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Батыр Балтабеков үш жылда 800-ден астам кітап оқыған. Осы уақыт ішінде ол қазақ және шетел классиктерінің шығармаларын оқып, әдеби мұрамен танысты. Қазір өзі де қалам тербеп, шығармашылыққа ден қойып жүр. Кітап оқуды оқушы ең сүйікті ісінің бірі санайды.

Батырдың сүйікті авторларының қатарында Мұхтар Әуезов, Абай және Мұқағали Мақатаев бар. Ол қазақ және орыс тілдерінде кітап оқығанды ұнатады. Сондықтан әдеби танымы отандық жазушылардың шығармаларымен ғана шектелмейді.

Оқушы кітап оқуға деген сүйіспеншілігін достарына да дарытуға тырысады. Ол бірден кітап ұсынбай, алдымен олардың қандай тақырыптар мен жанрларға қызығатынын анықтайды. Содан кейін әрқайсысының талғамына сай шығарма таңдап береді. Оның айтуынша, ең бастысы – адамның кітап оқуға деген қызығушылығын оятатын туындыны табуға көмектесу.

Батырдың кітап оқуға әуестенуіне отбасы да әсер еткен. Ол үйде оқыған шығармаларын әдебиетке жақын әжесімен жиі талқылайды. Мектепті аяқтаған соң Батыр тарих мамандығын таңдап, болашақта мұғалім болуды көздейді.

Ол «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына да қатысып жүр. Қорытынды емтихандарға дайындалса да, жобаға уақыт табуға тырысады. Осы уақытқа дейін марафон аясында бес-алты кітап оқып, әрқайсысы туралы өз пікірін жариялаған.

Мектепте де оның кітапқа деген қызығушылығына қолдау көрсетіледі. Батырмен сегізінші сыныптан бері жұмыс істеп келе жатқан сынып жетекшісі Нұрбек Шалғынбай оқушының білімге құштарлығы мен әдебиетке ықыласы ерекше екенін айтады.

«Батыр шағын мақалалар мен өлеңдерден бастап көлемді романдарға дейін түрлі жанрдағы шығармаларды оқиды. Оның білімге деген құштарлығы өте жоғары. Әдеби байқаулар мен шығармашылық сайыстарға жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Өзі де өлең жазады. Қазір оның 100-ге жуық туындысы бар», – дейді ұстазы.

Сынып жетекшісінің сөзінше, Батыр оқыған шығармасымен ғана шектелмейді. Ол авторлардың шығармашылығына қызығып, өзге туындылары туралы да сұрайды. Кітапты аяқтаған соң, ұнаған тұстарын талқылап, ұстазына түрлі сұрақ қояды.

Батыр мектеп кітапханасында да уақытын көп өткізеді. №83 мектеп-гимназияның кітапханашысы Әсия Әбілдинаның айтуынша, ол төртінші сыныптан бері кітапханаға тұрақты келіп жүр. Осы уақыт ішінде оның оқырман формулярын екі рет жаңартуға тура келген.

«Ол – кітапханамызға жиі келетін ең белсенді оқырмандардың бірі. Үнемі кітап алып тұрады. Көбіне көркем әдебиет пен классикалық шығармаларды оқиды. Әсіресе Мұқағали Мақатаевтың туындыларын жақсы көреді. Оның отбасы да кітап оқуға құмар. Бұл баланың әдебиетке қызығушылығына әсер ететіні сөзсіз», – дейді Әсия Әбілдина.

Кітапханашының айтуынша, бүгінде оқушылар әртүрлі жанрдағы шығармаларды таңдайды. Олардың көбі психология мен фэнтези жанрына қызықса, классикалық әдебиетті өз бетінше танып-білуге ұмтылатындар да аз емес.

«Батырдың мысалы бір кітапқа қызығудан басталған әуестік адамның жаңа дүниелерді танып, ой елегінен өткізуіне, кейіпкерлердің тағдырына үңіліп, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына жол ашатынын көрсетеді. Менің ойымша, 800 кітап – оның үлкен оқырмандық жолындағы алғашқы белес қана», – деп қорытындылады кітапханашы Әсия Әбілдина.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда киіз басудың венгр дәстүрі таныстырылды

Бүгін 13:49

Алматыда «Заң мен әділдік» жобасы аясында тұрғындарға заң жағынан тегін көмек көрсетіп, құқықтық сауаттылықты арттырып жатыр

Бүгін 13:11

Ақтауда «AI Digital Mangystau - 2026» халықаралық форумы өтті

Бүгін 13:05

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін 12:03

Құрылтай ғылымды қаржыландыру жүйесін жетілдіруді ұсынды

Бүгін 11:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);