Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Астанада госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды

Астанада госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды

Медицина 21.05.2023, 06:35 1,609
Астанада госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды
сурет: gov.kz

Жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді.


Астана қаласының № 2 көп бейінді қалалық ауруханасында алғаш рет госпитальдық фармацияның жаңа бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бөлімшенің ашудағы басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу.



«Мұнда берілетін дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі - медициналық дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Алдын ала есептеулер бойынша жоба жылына 400 млн теңгеге дейін бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.




Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі болып табылады. Қазір қала бойынша 9 стационар жұмыс істейді, алдағы уақытта бұл жүйені барлық көп бейінді ауруханаларға енгізу жоспарлануда.




«Жобаның негізгі міндеті - дәрігерлердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды уақтылы және сапалы дайындау және буып-түю, сондай-ақ оларды медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу. Клиникалық фармаколог әр пациентке жас, салмақ, қарсы көрсетілімдер, тәуліктік доза және т.б. параметрлері бойынша тағайындайды. Бұл жобаны іске асыру кезінде біздің клиникада жұмыс істейтін Акгюн ақпараттық жүйесінің дайындығы маңызды рөл атқарды», - деді №2 КБА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев.




Аурухана басшысы болашақта клиниканың екі жеке ғимаратын біріктіретін және қабылдау бөлмешесінің хабына айналатын жаңа ғимараттың жобасын ұсынды. Дәл осы жерде балаларға арналған жаңа травматологиялық пункт ашу жоспарлануда.



Ауруханада пациентке бағытталған моделді дамыту мақсатында - пациенттерді қолдау қызметі қадамдық қолжетімділікте, электрондық кезек енгізілді, пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу алгоритмі пысықталды. Жақын арада барлық ниет білдірушілер онлайн режимде бос төсек-орындардың санын көре алады, ол клиниканың сайтында да қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #аурухана #госпитальдық формация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика