Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Astana Media Week: сарапшылар мамандарды даярлау ж...

Astana Media Week: сарапшылар мамандарды даярлау және медиасаланы дамыту мәселелерін талқылады

Әлеумет 27.09.2024, 14:26 666
Astana Media Week: сарапшылар мамандарды даярлау және медиасаланы дамыту мәселелерін талқылады
Cурет: Astana Media Week

Астанадағы «Қазмедиа орталығында» 2024 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында медиа және цифрлық коммуникациялар саласын дамыту мәселелеріне арналған «Astana Media Week 2024» форумы өтті. 

Медиа компаниялардың жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер индустрия алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іскерлік бағдарлама медиа трансформация процестеріне қатысатын және аудиториямен өзара іс- қимыл жасаудың жаңа форматтарын іздейтіндердің бәрі   үшін тартымдылық орталығына айналды.

Анық емес мәсеелелердің артуы әрі заманауилықтың дағдарыс жағдайы  салдарынан медиакеңістік  терең өзгерістерге ұшырауда.  Сондықтан бүгінде ұлттық медиаэкожүйенің тұрақтылығын нығайту, аудиториямен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын табу және бұрын-соңды болмаған инновация деңгейінде журналистикаға деген сенімді қалыптастыру бұрынғыдан да маңызды.

Сегіз жыл ішінде Astana Media Week Қазақстанда медианың дамуына айтарлықтай әсер еткен бастамаларды жүзеге асырды. Бұл үрдіс одан әрі жалғасуда және қоғамдағы медианың рөлін нығайту жолында 2024 жылдың медиа оқиғасы тағы бір маңызды қадам болды.

Astana Media Week 2024 ашық диалог, инновация және процесске қатысушылардың бәрі бірлесіп күш-жігерлерін жұмсайтын әрі қазақстандық медиа индустрияның болашағы қалыптасатын платформа болып табылады.

Биылғы жылы медианы құқықтық трансформациялауға, көпплатформалы экожүйелерді дамытуға, өңірлік, спорттық және салалық журналистикаға, балалар контентіне және әлеуметтік шиеленісті басқарудағы ахуалдық орталықтардың рөліне ерекше назар аударылды.

Биылғы жылы іс-шараға DW (Германия), NHK (Жапония), Азия-Тынық мұхиты хабар тарату орталығы (ABU), CGTN (Қытай), TRT World (Түркия), «Яндекс плюс», Setanta Sports (Грузия) сынды халықаралық медиа ұйымдар өкілдері қатысты.

Сарапшылар мен индустрия көшбасшылары өздерінің бірегей көзқарастары мен тәжірибелерін ұсынды, бұл қатысушыларға жаһандық трендтерге енуге және медиакоммуникация саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Astana Media Week 2024 #форум #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика