ffin.kz

Астана күні бір ай көлемінде атап өтіледі

Астана күні бір ай көлемінде атап өтіледі Сурет: Massaget.kz


6 шілде – елорда күніне орай 100-ден астам мәдени, спорттық және танымдық іс-шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Маусым-шілде айлары аралығында қала күнін мерекелеуге Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеменің күшімен 100-ден астам іс-шара жоспарланып отыр. Бүгінде оның кейбірі басталып та кетті», - деді Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.



Елорда күніне орай өтетін іс-шаралар:


30 маусым «Жастар» театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі және 1-2 шілде Музыкалық жас көрермен театрының халықтың ыстық ықыласына бөленген «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.


1 шілде Амфитеатрда «Аялаған Астана» өнерлі жас әншілерді тәрбиелеуге арналған музыкалық байқаудың гала-концерті.


2 шілде Домбыра күні. ЭКСПО алаңында көпшілікке «Домбыра дастан» шоу-концерті ұсынылады.


2 және 3 шілдеде «Қаламгерлер» аллеясы мен №5 балалар кітапханасында Қазақстан жазушылар одағымен бірге «Астана – шабыт арқауы» ақын-жазушылармен кездесулер циклі өтеді.


3 шілде Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын мұра» Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының мерекелік концерті өтеді.


4 шілде «Астана» концерт залында «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-ысқақ кеші өтеді.


4 шілде «Жастар» сарайында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «НАЗ» мемлекеттік би театрының «ҚАЗАҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» концерттік бағдарламасы ұсынылады.


5 шілде Амфитеатрда халық арасында танымал әртүрлі аспапта орындаушылардың «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді.


5-6 шілде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» ЭКО фестивалі өтеді.


5-6 шілде «Гүл шахары – Астана» республикалық суретшілер плэнері жоспарланған.


5-6 шілде Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы ұсынылады.


5, 6, 8 шілде Музыкалық жас көрермен театры «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі премьерасын ұсынады.


6 шілде қаланың шет аймағындағы тұрғын үй алаптарында «Думанды Астана» концерттері өтеді.


6 шілде ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді.


6-8 шілде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған MEREKE STREET фестивалі өтеді.


7 шілде «KITAP FEST» республикалық кітап көрмесі.


8-9 шілде көше тағамдарының фестивалі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:08

16:06

16:05

16:02

15:50

15:48

15:45

15:42

15:29

15:25

15:24

15:21

15:17

15:08

15:06

14:59

14:47

14:39

14:25

14:12

14:09

13:51

13:50

13:48

13:48