конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астана инновациялық шаһар болуы қажет - Президент

Астана инновациялық шаһар болуы қажет - Президент

Әлеумет 31.01.2023, 11:08 1,166
Астана инновациялық шаһар болуы қажет - Президент
Сурет: Egemen.kz

Бүгін Астанада Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. 


Оның барысында Мемлекет басшысы Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері қала маңындағы аудандарда тұратын жұрттың әл-ауқатын арттыруға күш салуы керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 



«Астана агломерациясы инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және білікті мамандардың еңбек етуіне барынша ыңғайлы болуға тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде бұл – өте өзекті мәселе. Біз осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыруымыз керек», - деді Мемлекет басшысы жиында.



Сонымен қатар Президент елорданың дамуы жаңа үлгіге көшу керектігін де айтты.



«Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек. Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қырық екі компанияның басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар «ақылды қала» жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың «Digital nomads» орталығына айналмақ», - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #елорданы дамыту #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);