AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Астана халықаралық форумы - тиімді шешімдер қабылд...

Астана халықаралық форумы - тиімді шешімдер қабылданатын диалог алаңы

Саясат 08.06.2023, 06:40 1,398
Астана халықаралық форумы - тиімді шешімдер қабылданатын диалог алаңы
Сурет: Egemen.kz

Астана халықаралық форумында ортақ проблеманы шешу мақсатында тиісті диалог алаңы ұсынылып отыр.


Бұл туралы аталған форумның пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-askshamy.kz


Президенттің айтуынша, әлемдегі климаттық жағдайға байланысты мемлекеттер бұл бағытта мәселелерді бірлесіп шешуі керек. Осы орайда жұмыла жұмыс істегендер табысқа жетеді. Бұл тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымы мен құндылықтары бұл проблемамен күресудің ең тиімді жолы саналады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының ұстанымы да осы құндылықтарды қамтып тұрғанын, осы орайда ортақ проблеманы шешу мақсатында диалог пен ынтымақтыстықты ілгерілету, сондай-ақ дамуға бағыт-бағдар беру қамтамасыз етілетінін жеткізді.



«Мен оптимистік көзқараспен алдағы екі күнде өтетін конструктивті талқылау бізді оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдіремін. Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет. Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.



Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #халықаралық форум #диалог алаңы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика