AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / «Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өн...

«Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өнер көрсетеді

Тәуелсіздік-30 07.10.2021, 06:13 1,204
«Астана Балет» алғаш рет Дубай опера сахнасында өнер көрсетеді
Сурет: Inbusiness.kz

Астаналық ұжым өздерінің үздік туындылары мен әйгілі қойылымдарын көрсетеді



27-30 қазанда «Астана Балет» театрының Дубайға гастролі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Астаналық ұжым Шығыстың көркін аша түскен екі көлемді қойылым – көпшілікке таныс «Махаббат туралы аңыз» спектаклі мен «Бейбарыс сұлтан» балетін ұсынбақ.


«Астана Балет» гастроль шымылдығын заманымыздың заңғар хореографы Юрий Григоровичтың Ариф Меликов музыкасына қойылған «Махаббат туралы аңыз» спектаклімен ашады. Спектакль елу жылдан астам уақыт бұрын шығарылғанымен, сюжет желісі, ауқымды декорациялары мен көркемдік биігімен әлі де көрермен қауымды тамсандырып келеді. Мұнда құштарлық пен алғашқы балғын сезім, махаббат пен борыш сезімі арасындағы күрес суреттеледі. «Махаббат туралы аңыз» - әсем хореография мен ғажайып декорациялар, әуезді әуен мен көне парсы аңызы үйлесім тапқан туынды.


Гастрольдік сапардың өзге күндері театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри қойған «Бейбарыс сұлтан» спектаклі көрсетілмекші. Музыка авторлары – қазақстандық композиторлар Хамит Шаңғалиев пен Әлибек Әлпиев. Тарихи тақырыптағы балет қойылымы туралы идеяны «Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры», Бас серіктесі «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе отырып, жүзеге асырды.


Балет барысында көрермен қауым өткен заманға шомып, Бейбарыс сұлтанның ғажайып өміріне қанық болады. Спектакль мазмұнын ойластырған кезде, хореограф адам баласының жан сырына бойлап, әйгілі «жеңіс атасы», ХIII ғасырдағы Таяу Шығыстағы ең мықты мемлекеттің әміршісіне айналған қолбасшыны қандай мәселелер мазалағаны жайлы ой өрбіткенді құп көрді. Билік шыңына жеткізген осындай өмір белестері сөз жоқ, ұлы мақсат үшін әлденені құрбан етуге мәжбүр етеді. Қиын тағдырына қарамастан, Бейбарыс сұлтан өзінің туған жері – қыпшақ даласына деген іңкәр сезімін жадында сақтап, көңіліне медеу етті. Дала самалы, шығыс әуезінің сарыны мен айқас сахналарының рухты әуендері көрермен қауымды сахнадағы қойылымнан көз алмай, түрлі күй кешіп, алай-дүлей сезімге бөлейді. Бұл қойылымда сюжет иірімдері, әуезді әуен мен түрлі сезім қатпарлары үйлесім тапқан.


Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);