AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойынд...

Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойындары" өтеді

Спорт 19.03.2026, 11:42 239 Сұлу
Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойындары" өтеді
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында халықаралық мультиспорттық "Болашақ ойындары" өтеді. Қазақстан үшінші рет ұйымдастырылатын бұл беделді турнирді қабылдайтын ел ретінде таңдалып, дайындық жұмыстары қазірдің өзінде жүйелі түрде басталып кетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Казань қаласында 2024 жылғы 21 ақпанда өткен "Болашақ ойындарының" ашылу салтанатында Мемлекет басшысы келесі ойындарды Қазақстан Республикасында өткізу туралы бастама көтерді. Бұл ұсыныс халықаралық спорт қауымдастығы тарапынан қолдау тауып, еліміздің турнирді қабылдауға ниетті екенін айқындады.

Осыдан кейін, 2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекет басшысына аталған Ойындарды өткізуге келісім беру туралы ресми сұрау салынған хат жолдады.

Ал 2024 жылғы 3 қазанда конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан үшінші халықаралық "Болашақ ойындарын" өткізетін ел болып таңдалды. Бұл шешім Дубай қаласында өткен салтанатты рәсім барысында ресми түрде жарияланды.

Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында 2026 жылы Астана қаласында өтетін халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындарын» дайындау және өткізу жөніндегі арнайы ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Балаева А.Г. тағайындалды. Комитет құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары енгізілген.

Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылы Астанада өтетін турнирді дайындау және өткізу үшін «Қазспортинвест» акционерлік қоғамының базасында арнайы дирекция құрылды.

2025 жылғы 20 мамырда турнирді дайындаудың 15 негізгі бағыты бойынша 102 іс-шараны қамтитын ұйымдастыру комитетінің жұмыс жоспары бекітіліп, оған қол қойылды. Бұл құжат жарысты ұйымдастырудағы негізгі қадамдарды нақтылайды.

Қазіргі жоспарға сәйкес, басты "Болашақ ойындары – 2026" турнирі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Жарыстарға әлемнің 100-ден астам елінен қатысушылар келеді деп күтілуде. Турнирдің жалпы ұзақтығы 12 күнге созылады.

Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін 8 фиджитал пәні енгізілген. Ал турнирдің жалпы жүлде қоры 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Астана төрінде өтетін бұл дода Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін арттырып қана қоймай, жаңа форматтағы жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетін де көрсетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #болашақ #ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);