конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ассамблея жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды р...

Ассамблея жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды - Президент

Саясат 27.04.2023, 10:40 2,326
Ассамблея жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды - Президент
Сурет: Assembly.kz

Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге ықпал етті.


Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Президенттің айтуынша, еліміздегі ауқымды түрлендіру барысында Ассамблеяға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бірегей институт халықаралық озық тәжірибеге толығымен сәйкес келетін парламенттік өкілдіктің жаңа тетіктеріне ие болды.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ұсынысы бойынша Президент тағайындайтын Сенаттың бес депутаты заңнамалық деңгейде кері байланысты, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге және Парламентте Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіруге жұмылдырылғанын айтты.


Мұнымен қоса, Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық Құрылтай құрамына еніп, оның жұмысына жалпыұлттық диалогтың әмбебап үлгісін ілгерілетуде баға жетпес тәжірибе әкелді.


Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Ассамблея еліміздің саяси жаңғыруында, жалпыұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарды. Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге, мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге барлық этностарды тартуға ықпал етті.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы басталды.


ХХХІІ сессияның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #президент #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарқын, ауқымды, креативті: Алматыда дауыс беру күні қалай өтті?

Бүгін 22:38

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауы аяқталды

Бүгін 22:10

Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауысты санау

Бүгін 20:36

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін 20:14

Сайлау күнінің соңғы дауысы: Медеу ауданындағы №415 учаскеде соңғы сайлаушы дауыс берді

Бүгін 20:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);