AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ассамблея хатшылығының Алматы облысындағы жаңа бас...

Ассамблея хатшылығының Алматы облысындағы жаңа басшысы тағайындалды

Әлеумет 10.01.2023, 11:22 1,503
Ассамблея хатшылығының Алматы облысындағы жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: Zakon.kz

Оның құзыретіне өңірдегі мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясатты жүзеге асыру мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметін үйлестіру кіреді.


Жандар Тұрарұлы Асан Алматы облысының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Жандар Асан 1990 жылғы 12 мамырда қазіргі Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген.


2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.


2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура институтын «Әдебиеттану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.


Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Түркияның және Польшаның жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өткен.


Еңбек жолын 2011 жылы баспа корпорациясының бас редакторы ретінде бастаған.


2012-2014 жылдары аралығында – «КТК» телеарнасының редактор-тілшісі, «Хабар 24» телеарнасының бағдарлама редакторы-жүргізушісі, «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары-жауапты хатшысы.


2014-2017 жылдары – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының баспасөз хатшысы, ректор аппаратының басшысы, ақпараттық-имидждік орталығының басшысы.


2017-2022 жылдары – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, маркетинг және коммуникация департаментінің директоры.


2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы м.а. қызметін атқарды.


Жандар Асан - бірнеше деректі фильмнің және энциклопедиялық жинақтың авторы.


Отандық және шетелдік ғылыми журналдарда 20-ға жуық ғылыми мақаласы шыққан. Республикалық беделді басылымдарда 500-ден астам публицистикалық мақаласы жарық көрген.


ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен және салалық медальдармен марапатталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #Алматы #хатшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);