Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Асқар Жұмаділдаевқа 30 миллион теңгелік көлік сыйғ...

Асқар Жұмаділдаевқа 30 миллион теңгелік көлік сыйға тартылды

Лайфстайл 25.02.2026, 15:25 590
Асқар Жұмаділдаевқа 30 миллион теңгелік көлік сыйға тартылды
Видео кадры

Қазақ ғылымы мен білім саласының көрнекті өкілі, белгілі ғалым Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойына орай ерекше құрмет көрсетілді. Айтулы дата аясында кәсіпкер Жәнібек Жанықұлов ұстазға Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақ елінің зиялы қауымы үшін орны бөлек, ғылым мен ағартушылық саласында өзіндік қолтаңбасы бар Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтойға орай кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Асқар Серқұлұлына Hyundai Palisade автокөлігін тарту етті.

Айта кетейік, Қазақстанда мұндай көліктің бағасы 30 миллион теңгеге жуықтайды.

Асқар Жұмаділдаев туралы не белгілі?

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1956 жылғы 25 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі өңірінде дүниеге келген.

Ол – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі, 12-шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің және 13-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.

1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Ол – 12-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары мен гранттары

Асқар Серқұлұлының ғылыми қызығушылықтары әралуан: Ли алгебраларының теориясы, ассоциативті емес алгебралар теориясы және комбинаторика. Жүз жылдан астам бұрын Софус Ли екі векторлық өрістің композициясы міндетті түрде векторлық өріс болмайтынын, бірақ олардың коммутаторы векторлық өріс болатынын байқады. Бұл қағидат Ли алгебралары мен Ли топтары теориясының негізін құрайды. Асқар Жұмаділдаев Ли құрылымы көпөлшемді жағдайға да жалпыланатынын байқады. Егер n-өлшемді көпбейнедегі векторлық өрістердің саны n+1 саны квадратынан үшке ауытқитын болса, онда ((n+1)^2-3)- векторлық өрістің кососимметриялық қосындысы қайтадан векторлық өріс болады. Софус Лиден кейін 150 жыл өткен соң ашылған осы тамаша жаңалық, Ли алгебраларының көпөлшемді нұсқалары геометрия мен физикада мүмкін екенін және олардың болашақта ашылар жаңалықтардың қайнар көзі болатынын көрсетеді.

Қызық деректер

  • Қазақстан тәуелсiздiгi деклорациясын, Қазақстан тәуелсiздiгi туралы заңды, Қазақстанның тұңғыш конституциясын, тұнғыш мемлекеттiк рәмiздерді қабылдаған депутаттардың бірі

  • "Болашақ" бағдарламасы туралы Президентке ұсыныс айтқан

  • Қазақстан конституциясында Қазақстан президентi қазақ тiлiн жетiк меңгеру керек деген ұсынысты алғашқы рет енгізген

  • Тұңғыш Қазақстан Президентiнiң жалақысын есептеген

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асқар Жұмаділдаев #туған күн #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика