Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери өмірге шыңдалған қаржы бөлімінің офицері ту...

Әскери өмірге шыңдалған қаржы бөлімінің офицері туралы

Әлеумет 15.11.2024, 11:50 847
Әскери өмірге шыңдалған қаржы бөлімінің офицері туралы
Ұлттық ұлан

15 қараша  – Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгінде есеп-қисаптың жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандар жетерлік. Солардың бірі – Ұлттық ұланның Алматыдағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде қызмет атқаратын қаржы бөлімінің офицері лейтенант Гүлжан Баймұханова.

Бұл сала алдымен мұқият болуды талап етеді. Өйткені сандар қателескенді кешірмейді. Ал сол сандарды «сайрата» білген сала маманы бүгінде Ұлттық ұланның сапында абыроймен қызметін атқаруда. 

Гүлжан Бағдатқызы Қарағанды облысының тумасы. 2000 жылдан бері Алматы қаласында тұрады. Алматы экономикалық колледжін қаржы мамандығы бойынша, одан жоғары оқу орнын бітірген. 2009 жылы қазақ әскерінің алдыңғы шебі саналатын Ұлттық ұлан қатарына шақырылады. Сәйкесінше әскери қызметшілерге қойылатын талап та, тәртіп те қаржы маманына қатар қойылды. Нәп-нәзік болмысқа ие кейіпкеріміз ойланбастан ер азаматтармен қатар иық түйістіріп, Отан үшін титтей де болсын қосқан үлесім деп қызметке кіріседі. Әскери Жарғыға бағынады. Отан алдындағы әскери Антты да қабылдайды. 

Оның бұл салаға бет бұруына анасының тікелей қатысы бар. Өйткені анасы ұзақ жылдар қаржы маманы болып жұмыс істеді. Есінде, бала күнінде анасы түнімен қат-қат қағаздардың ортасында май шаммен, есепшотты сарт-сұрт қағып ұзақ отыратын. 

– Осы уақытқа дейін түсінгенім, адамның тағдырына жазылғаны болады екен. Қызығы, менің армандар тізбегімде әскери адам болу мүлдем болмаған. Әдетте погон таққан, форма киген жандарға көпшілік қызығады ғой. Ал, менікі керісінше, қызметке кіріскеннен кейін ғана мамандығымды сүйе бастадым. Иә, басында қыз баласы үшін оңайға соқпады. Өйткені, ер азаматтар сынды зонт киіп, окоп қазып, қатал талап пен тәртіпке бағындық. Содан еш жаман болған жоқпыз, өстік, өндік, үйрендік. Отбасымызда да, бала тәрбиесінде де осы жақтан көрген түйгенімізді, өмірлік сабақтарымызды қолданып келемін, – дейді лейтенант Гүлжан Баймұханова.

Өмірлік серігін де осы саладан жолықтырды. Сонау 2009 жылы Ұлттық ұланға қабылданған кезде қатардағы жауынгер болды. Сол тұста келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қадағалайтын, білмегенін үйрететін жауапты басшысы прапорщик Ермек Баймұханов еді. Сол  басшысы қазір адал жар, шаңырағаның тірегі, екі қызының әкесі. Азаматы тұрғанда Гүлжан үшін еш нәрсе қиын емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық валюта #қаржы #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика