ffin.kz

Әскердің жауынгерлік дайындығы талқыланды

Әскердің жауынгерлік дайындығы талқыланды Сурет: Министрлік

Армияны полигондық жабдықтармен және тренажерлармен жарақтандыру жалғасын табуда


Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқасы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Онда ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәуір айындағы Үкіметтің кеңейтілген кеңесі мен бүкілармиялық форумда берген тапсырмалары аясында басқару органдары мен әскерлер қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.


Алқаға Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты.



– Әлемдегі әскери-саяси ахуалдың дамуы елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды түзетуді талап етеді, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.



Ол ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясат тұжырымдамасына, Қарулы күштердің құрылысы мен дамуына қатысты құжаттарға тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өтті.


Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыру мақсатымен әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу үшін жеке құрамды даярлау жалғасып жатыр.


Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Жауынгерлік даярлықтың қарқындылығын арттыру үшін жарты жылдық оқыту циклі енгізілді. Армияны полигондық жабдықтармен және тренажерлармен жарақтандыру жалғасын табуда.


Техника мен оқ-дәрілер жоспарлы түрде сатып алынуда. Қару-жарақ пен техниканы күрделі жөндеу, жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. Әскери инфрақұрылымды дамыту және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов өз баяндамасында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипатына, әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мәселелеріне тоқталды. Ол Қарулы күштерді дамыту жөніндегі іс-шаралардың жоспарлы орындалып жатқанын атап өтті.


Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар кезінде жоғары дәлдіктегі қашықтықтан зақымдау құралдарын, оқ-дәрілер мен ұшқышсыз авиацияға тосқауыл қоюды белсенді қолдану байқалады. Қарсыластар көбіне энергетикалық және көліктік инфрақұрылым нысандарына, қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарына, оқ-дәрі қоймаларына және мұнай қоймаларына зиян келтіруге тырысады.



– Әскерлер дағдарыстық жағдайда іс-әрекет етуге үнемі дайын болуы керек. Сержанттар құрамын дайындауға ерекше назар аудару қажет, – деп атап өтті Бас штаб бастығы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04