AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Ашық аспан астындағы өнер мерекесі

Ашық аспан астындағы өнер мерекесі

Не? Қайда? Қашан? 13.09.2024, 12:31 1,941 Bakyt
Ашық аспан астындағы өнер мерекесі
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры көне классика мен заманауи сахнаның тоғысқан әлемін паш ететін «Мұра» атты гала-концертін ұсынады. Бұл шара театрдың 91-ші маусымының ашылуы аясында өтеді және қала тұрғындарына ерекше әсер қалдыратын жарық шоуымен ұмытылмас кеш сыйламақ. Гала-концерт 15 қыркүйек күні сағат 19:00-де театр алаңында өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл кеште өнерсүйер қауымды Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмиля Баспақова мен Гүлзат Дәуірбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Нұржан Бажекенов, Фархад Кубиев пен Венера Алпыспаева және театрдың басқа да жұлдыздары өз шеберліктерімен қуантады. Гала-концерттің дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алаңы бұрын-соңды болмаған үлкен сахнаға айналады. Концерт бағдарламасы үздік опера және балет қойылымдарының көріністерімен толықтырылады. Қозғалмалы сахнада көрермендерге сүйікті әндер мен билерден шашу шашылады. Жан тебірентер гала-концерт арқылы асқақ өнердің алтын мұрасы қала тұрғындарына тарту етіледі.

Абай театры еліміздегі ең үлкен өнер ошағы ретінде өз миссиясын мақтанышпен жалғастырып келеді. «Басты мақсатымыз — 90 жылдан астам тарихы бар киелі сахна майталмандарының шеберлігін өскелең ұрпаққа насихаттап, жылдар бойы қалыптасқан әдемі дәстүрді заман ағымына сай жаңартып, көрермендермен байланысты одан әрі нығайту», — деп атап өтті Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Көпбасарова.

Театр ұжымы жаңа маусымын әсем әуендер мен көз тартарлық шоумен бастамақ. Жарық шоуын қою үшін беделді «Золотая маска» театр сыйлығының иегері, халықаралық жобалардың қатысушысы, танымал жарық қоюшы суретші Татьяна Мишина шақырылды. Абай атындағы театрдың шығармашылық ұжымы барша Алматы тұрғындары мен қонақтарын осы ерекше кешке шақырады.

Мекенжайы: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 110. Театр алаңы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);