Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 28 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Таратылған ақпарға сүйенсек, ел бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, шығыста бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Орталықта, республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кейбір өңірлерде үсік күтіледі:
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Сондай-ақ, келесі аймақтарда:
Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Палодар облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.