AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Ресми бөлім Бүгін 09:11 36 yakiya
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 27 сәуірде екі жаңа заңға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл келісім радиациялық жағдайға қатысты деректермен алмасу, оларды талдау және болжау арқылы ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және елдер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат алмасу аясында тараптардың уәкілетті органдары:

мониторинг деректерін жүйелі түрде алмасуды;

берілетін ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуді;

күтпеген жағдайлар туындап, ақпаратты беру мүмкін болмаған кезде алдын ала хабарлауды;

алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалануды қамтамасыз етеді.

"Сонымен қатар келісім тек мемлекеттік радиациялық мониторинг жүйесінің деректеріне ғана қатысты болады және атом энергиясын пайдаланатын нысандардағы радиациялық бақылау деректеріне қолданылмайды. Бұдан бөлек, деректермен алмасудың бірыңғай тәртібі әзірленеді. Оны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясы бекітеді. Бұл тәртіпте радиациялық жағдай параметрлері туралы берілетін ақпараттың тізімі, форматы, сақтау мерзімі және алмасу ережелері, сондай-ақ қатысушы елдердің уәкілетті органдарының байланыс мәліметтері қамтылады",- деліген құжатта.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл келісімнің мақсаты – тараптардың құқықтық теңдігі негізінде таза энергетика және энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту, экологиялық таза сутек пен аммиакты өндіру және саудалау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жаңартылатын электр энергиясын мемлекеттер арасында сенімді жеткізу үшін ортақ техникалық және әкімшілік шарттарды қалыптастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика