AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиад...

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Білім және ғылым Бүгін 18:54 39 yakiya
Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды
Қорғаныс министрлігі

Алматы қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында өткен Х Халықаралық математика олимпиадасы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Зияткерлік додаға алты елдің өкілдері қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Олимпиада үш кезеңнен тұрды және математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бұл қатысушылардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Жалпы командалық есеп бойынша үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленсе, екінші орын Қазақстан курсанттарына бұйырды, ал бірінші орынды Ресей командасы жеңіп алды.

Жеке біріншілікте үздік нәтижені Владислав Молофеев (Ресей), Нуралибек Өзбеков (Өзбекстан), Ислам Ермеков (Қазақстан) көрсетті.

Жеңімпаздар ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасының ауыспалы кубогымен, сондай-ақ медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов олимпиаданың маңызды нәтижелерінің бірі - Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы кәсіби және достық байланыстардың нығаюы екенін атап өтті.

«Мұндай іс-шаралар тек кәсіби құзыреттерді ғана емес, болашақ офицерлер арасындағы әріптестік рухты да қалыптастырады. Алған білім мен тәжірибе олардың алдағы қызметінде міндетті түрде қажет болады деп сенемін», - деді ол.

Зияткерлік сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар Қазақстанның тарихымен, қазіргі жетістіктерімен және қазақ халқының қонақжай дәстүрлерімен танысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#математика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика