AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Асхат Аймағамбетов колледждегі орынбасарларды қысқ...

Асхат Аймағамбетов колледждегі орынбасарларды қысқартуды ұсынды

Әлеумет 15.08.2022, 15:32 1,285
Асхат Аймағамбетов колледждегі орынбасарларды қысқартуды ұсынды
Сурет: 24.kz

Колледждерге тиімді формат


ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елдегі колледждердің басқару формасын «шаруашылық іс жүргізу құқығына» ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Кейбіреулер «шаруашылық жүргізу құқығынан» (ШЖҚ) қорқады, бірақ ұйымдастыру-құқықтық формасы тиімсіз болғандықтан емес, жан басына қаржыландырудан қорқады. Біз бірнеше колледжге талдау жүргіздік. Мысалы, шағын колледжде 120 студент, жеті орынбасар бар, топтар аз. Тіпті мемлекеттік тапсырыс сомасын 800 мың теңгеге дейін көтерсек те, бұл қаржы колледжге жетпей жатады. Штаттардың типтік ережелері бар екені түсінікті, бірақ бұл штаттың барлығын ұстап тұруға ешкім мәжбүрлемейді, керісінше, ШЖҚ форматы колледж директорына қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Орынбасарларды азайтып, сол ақшаны басқа нәрселерге бағыттай аласыз. Немесе орынбасардың орнына адвокатты немесе мемлекеттік сатып алушыны жұмысқа алуға болады. Яғни, ШЖҚ-дағы формат колледждерге тиімді», - деді министр елордада өткен тамыз конференциясының «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясында.



А. Аймағамбетов колледждер смета бойынша емес, әрбір студентті ескере отырып қаржыландырылатынын еске салды. Бұл жүйеге үйреніп, комфорт аймағынан шығып, студенттерді тартуды үйрену керек.



«Бір студентке бөлінген тұтас қаражат осы колледжге түседі. Үнемдеуді көріп, үнемделген қаражатты алып қою болмайды. Бұл жағдайда колледжде үнемдеуге, қосымша штаттарды жабуға, басқа штаттарды енгізуге және басқаларына ынталандыру болмайды», - деп толықтырды министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аймағамбетов #колледж #формат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика