Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «АрселорМиттал Теміртау»: екі кеншінің беті бері қ...

«АрселорМиттал Теміртау»: екі кеншінің беті бері қарады

Әлеумет 13.11.2021, 13:33 1,124
«АрселорМиттал Теміртау»: екі кеншінің беті бері қарады
Cурет: Egemen.kz

Қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді


«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Абай шахтасындағы метан газы атылғаннан кейін жансақтау бөліміне түскен екі кеншінің беті бері қарады. Бір ажалдан аман қалған олар жарылыстың қалай болғанын айтып берді, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.



«Жатқан жерлеріміз бір жарым, екі метр болды, барлығымыз 8 адам, бір-біріміздің артымыздан жаттық. Бір-біріміздің түрімізді көрмедік,  әрқайсымыз өз жұмысымызды істеп жатқанбыз. Тарс ете қалды, сосын түтін басып кетті, бітті. Шамдар сөнді, газдың иісі жоқ. Есімде, бірінші болып құлағам жоқ. Бірінші аяққа сосын бітті. Арғы жағын білмеймін», – деді кенші Жеңіс Маралбаев.



Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаевтың жансақтау бөлімінен шыққанына екінші күн. Есін жиып алған соң, алты әріптесінен айырылғандарын естігенде қатты қайғырған. Ал өздерін құдай сақтапты. Ресми мәліметте бұл екеуі марқұмдардан алшақта болғаны айтылған. Сөйтсе мүлдем олай емес екен.


Қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді. Жарамды деп танылсақ, тіршілік қамымен шахтаға қайта түсуден өзге амал жоқ дейді. 7-қарашада таңғы сағат 8 жарымда Абай атындағы шахтада метан газы жарылған. Жер астында жүрген 64 кеншінің 56-сы қашып шықса, апат ошағында болған 8 кеншінің алтауы өлі табылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахта #Жұмысшылар #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика