ffin.kz

Арнайы орган қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті

Арнайы орган қызметкерлері арасында шахматтан турнир өтті almaty-akshamy.kz

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері отставкадағы полковник Жеңіс Рашитұлы Рамазановты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті. Аталмыш шараға арнайы органдар ардагерлері мен саптағы қызметкерлер және отбасы мүшелері қатысып, бақ сынасты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Турнир  айналмалы әдіспен, 7 ойыннан тұрды. Барлық қатысушылар өзара бір ойын өткізді. Шара ұйымдастырушылары - ҚР ҰҚК Ардагерлер кеңесі алдымен Жеңіс Рашитұлының өмір жолына тоқталды.

-Жеңіс Рашитұлының өмірлік жолы көптеген қызметкерлер мен жас буын өкілдері үшін үлгі. Оның Отанға деген риясыз сүйіспеншілігі мен мамандыққа деген шексіз махаббаты кәсіби қасиеттерін толықтырып тұратын. Полковник Жеңіс Рамазановпен бірге қызмет атқарған адамдар оның тек жақсы қасиеттерін еске түсіреді. Бүгінгі турнирдің мәні де аға буын өкілдерінің еңбек жолы негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу,-деді "ҚР ҰҚК Ардагерлер кеңесі" РҚБ -нің төрағасы полковник Кенжеболат Бекназаров.

Өмірлік жары Райса Рахымжанқызы болса, кейіпкеріміздің отбасындағы ұстанымы, тәлім-тәрбиесі және өмірлік көзқарастары туралы тын деректермен бөлісті. Сондай-ақ, полковник Ж. Рамазановтың ұлы Болат Жеңісұлы да келіп, әкесі туралы естеліктерін айтып өтті.

-Мен әкемнің жолын жалғастырып келе жатқаныма дән ризамын. Әкем өмірден қайтар тұста, балаларын өсіргеніне, шәкірттерін оқытқанына және арнайы органдарда мамандығына адал болғанына өмірге алғысы шексіз екенін айтқан. Шын мәнінде, әкемнің атын өшірмей, осындай турнир ұйымдастырып отырған ҰҚК басшылығына, Ардагерлер кеңесіне өз рахметімді айтамын, - деді ұлы Болат Жеңісұлы. 

Турнир өз мәресіне жетті. Саптағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері  жеңіс тұғырына көтерілді. Алдыңғы үш орын иелері кубок медальдармен және Рамазановтар дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс ұйымдастырушылардың бірі Астана қаласы бойынша Шахмат федерациясының жетекшісі, ҰҚК органдарының ардагері отставкадағы генерал-майор Абылай Тастанбеков бірінші орын жеңімпазын өз қолымен марапаттап,  келесі турнирде жеңімпаздарға ақшалай сыйы төленетінін айтып өтті. Екінші орын жеңімпазын Райса Рахымжанқызы марапаттаса, үшінші орынды кейіпкеріміздің үзеңгілес досы, отставкадағы генерал-майор Нағашыбай Атшабаров марапаттады. 
Шара соңында ақ дастархан жайылып, марқұмның әруағына арнап құран оқылды.

Айтып өту керек, Жеңіс Рашитұлы 1944 жылы 5 тамызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылында дүниеге келген.  1963 жылы өз еркімен Отан алдындағы азаматтық борышын атқаруға аттанып, Қиыр Шығыстық әскери округтің стратегиялық маңызға ие ракеталық әскердің взвод командирінің орынбасары болып әскери қызметін атқарған. Кейін Явленка аулында аудандық халық депутаттары кеңесіндегі атқарушы комитетінің азаматтық қорғанысының штаб бастығы болып қызмет етеді.1967 жылы Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Дзержинский атындағы Қызыл Тулы Жоғары мектебіне оқуға түседі.  Жапон тілін меңгерген заңгер мамандығын иеленгеннен соң ол Тула облыстық МҚК басқарамасында арнайы органдарда алғашқы қызметін бастайды. 1980 жылы атақты Мәскеу олимпиадасындағы қауіпсіздік шараларын қаматасыз етуге қатысады. Өзін үздік қырынан танынтқан Жеңіс Рамазанов МҚК Төрағасының грамотасымен марапатталады. Кейін туған еліне оралып,  МҚК басқармасында жұмыс жасайды. 1988 жылы озат офицер ретінде ҚазССР МҚК Орталық аппараты 5 басқармасына бөлім басшысы лауазымына тағайындалады. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған жылдары ҚР ҰҚК Инспекциясының бас инспекторы болып қалтқысыз қызметін жалғастырады. 1994-1997 жылдар аралығында басқарма басшысының орынбасары ретінде талай қызметтер мен бөлімдерге басшылық жасайды.

Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін ҚР ҰҚК Академиясында ұстаздық етіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Арнайы органдардағы өнегелі қызметі барысында өзінен кейін бірталай буынды тәрбиеледі. Көптеген шәкірттерді өсірді. 

Болашақ барлаушыларды дайындайтын оқу орнындағы құрмет тақтасында Жеңіс Рашитұлының суреті әлі күнге дейін ілініп тұр. Сонда «Мен өзімді бақытты санаймын. Өйткені мамандығымды сатпадым, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келемін»,-дейтін сөздері жазылған. Астана қаласында ардагеріміз ҚР ҰҚК «Барлау» қызметінің «Қорған» орталығына ұстаздық еткен. Ведомствалық «Ақиқат» журналына мақала жазып, ойларымен бөліскен. Сонымен қатар, ведомствалық «Ардагер» журналының негізін қалауға атсалысты. Өзі де қолына қалам ұстап көлемді – көлемді мақалалар жазды. БАҚ – на шығып өз ойымен ашық бөлісетін.  Астана және Алматы қалаларында лаңкестікке қарсы халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндамаларын жасаған. Заманның аждаһасы саналатын – лаңкестікпен күрес туралы бір талай еңбектері бар. Қызмет барысында 20 ведомствалық марапаттармен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32