AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арман Қырықбаев: Артспорт жүйесі бойынша маңызды м...

Арман Қырықбаев: Артспорт жүйесі бойынша маңызды мәселелер бар

Әлеумет 28.09.2022, 09:37 1,567
Арман Қырықбаев: Артспорт жүйесі бойынша маңызды мәселелер бар
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тексеру комиссиясының өкілдері  растап отыр.


Алматыда спорттық және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Шара барасында Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Артспорт жүйесі бойынша мәселелер барын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы қолданыстағы ваучерлер бойынша жеткізушілерге қызметтерді төлеу үшін ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін бөлінгені - 11,7 млрд теңге. Бүгінгі таңда artsport.edu.kz сайтының деректері бойынша шұғылданушылар саны 83 мың баланы құрайды, оның 35,5 мыңы спортпен және 47,5 мыңы шығармашылықпен айналысады. 27 қыркүйектегі жағдай бойынша әкімдікте ұсынылған актілер негізінде биылғы жылдың маусым айынан тамыз айының соңына дейін көрсетілген қызметтер үшін 2,2 млрд теңге көлемінде берешек бар», - деді Арман Қырықбаев. 



Қала әкімінің орынбасары Алматы қаласы әкімдігінің бюджет комиссиясы бұл соманы мақұлдап, өтінім мәслихатқа жіберілгенің айтты. 



«Мәслихат отырысы 30 қыркүйекте өтеді. Депутаттар бұл өтінішті қолдайды деп үміттенеміз. Осы себепті әкімдіктің берешегі мәселесі шешілген, яғни мәслихат жұма күні мақұлдағаннан кейін, біз одан әрі рәсімдердің жылдам өтуіне және барлық жеткізушілермен есеп айырысуға тырысамыз. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жалпы, Артспорт жүйесі бойынша өте маңызды мәселелер бар. Мұны прокуратура мен тексеру комиссиясының өкілдері де растап отыр», - деді әкімнің орынбасары.




 Әрі Қарай Арман Қырықбаев спорт және мәдениет басқармаларының міндеттемелері заңнамаға және бағдарламаны іске асырудың қолданыстағы қағидаларына қатаң сәйкестікте орындалатынын айтты. 



«Қазір тексеру комиссиясы мен прокуратураның алдын ала деректерін ескере отырып, жыл соңына дейін қажетті болжамды қаражат көлемі 8,5 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін төмендегенін түсінеміз. Жақын арада тексеру барысында біз бұл көрсеткіштің одан да азаятынына сенімдіміз. Бұл кейбір жеткізушілермен және кем дегенде жүйенің өзінде күрделі проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Бұл туралы біз бұрыннан айтып келеміз. Дегенмен, басқармалар акцептеген ваучерлер бойынша барлық міндеттемелер, егер сөз Алматы қаласында тұратын және тіркелген, секциялар мен үйірмелерге нақты қатысқан адал жеткізушілер, нақты бар балалар туралы болған жағдайда ғана орындалатынын хабарлағымыз келеді»,- деді Арман Қырықбаев.



 Оның айтуынша, қауіп-қатер негізінде ешқандай төлемдер, оның ішінде митингілер, дүрлікпе, хайп және т.б. жүргізілмейді.


Барлығы заң негізінде, тексеру комиссиясы мен прокуратура айтқан тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып, жалған ақпараттың барлық түрлерін қоспағанда, яғни қатаң түрде белгіленген ережелер аясында төленеді. 



«Ел Президентінің тапсырмасы біз үшін абсолютті басымдық болып табылады және ол кез келген жағдайда орындалады. Біз кейбір жаңа ережелерді министрлік әзірлегенін немесе әлі де әзірленіп жатқанын білеміз, бірақ бұл келесі жылдың мәселесі. Қазір біз қолданыстағы ережелер бойынша жұмыс істейміз», - деді Арман Қырықбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тексеру #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты

Бүгін 11:30

Алматы қаласы Әуезов ауданы #202 мектеп-гимназиясында “Соңғы қоңырау” салтанатты мерекесі өтті

Бүгін 11:01

Алматы оқушылары республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді

Бүгін 09:58

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);