AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮ...

АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Спорт Бүгін 15:17 30
АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Арлан Жанабай Азия ойындарында алғашқы жүлдені алды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс нәтижесі:

1-орын. Такауми Ходжо - 52:56

2-орын. Чжан Сюжуй - 53:05

3-орын. Арлан Жанабай - 53:11

Арлан Жанабай үшін бұл медаль халықаралық аренадағы маңызды жетістіктердің бірі болды. 2026 жылы ол Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогының кезеңінде қола, ал Түркістанда өткен кезеңде күміс медаль жеңіп алған.

Бұл медаль қазақстандық триатлон үшін ерекше маңызға ие. Бұған дейін Азия ойындары тарихында отандық спортшылар аталған спорт түрінен бір ғана қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Арлан Жанабайдың нәтижесі Қазақстанның Азия ойындарындағы триатлоннан алған екінші жүлдесі атанып, ұлттық құраманың жүйелі дамуын көрсетті.

Бұл жетістік ұлттық құраманың жүйелі дайындығы мен еліміздегі триатлонды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Соңғы жылдары бейінді федерациямен бірлесіп спортшыларды даярлау жүйесі жетілдіріліп, халықаралық жарыс тәжірибесі кеңейтілуде. Азия чемпионаттары мен өзге де ірі халықаралық жарыстарға қатысуға ерекше мән беріліп келеді. Мұндай додаларда жинақталған тәжірибе жаттығу үдерісін жетілдіру және негізгі кешенді жарыстарға дайындық барысында ескеріледі.

Бүгінде триатлон Қазақстанның 13 өңірінде дамытылып келеді. Спорт түрінің географиясын кеңейту, федерация мен жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысы, сондай-ақ спорт резервін кезең-кезеңімен даярлау ұлттық құраманың алдағы нәтижелерін арттыруға негіз қалыптастырады. Арлан Жанабайдың Азия ойындарындағы қола жүлдесі осы жүйелі жұмыстың тағы бір нәтижесі болды.

Еске сала кетейік, Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЕКІНШІ ҚОЛА МЕДАЛЬ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕССАЙЫСШЫЛАР 16 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Бүгін 15:37

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23

Қала күніне орай Алматы музейлерінде «Ашық есік күні» акциясы өтеді

Бүгін 15:10

Қала күні: шетелдік қонақтар Алматының нышандарымен әуежайдан бастап танысты

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);