AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен эл...

ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен электротехникалық өнімдерді таңбалау бойынша шешімдер қабылдады

Экономика Бүгін 16:30 65
ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен электротехникалық өнімдерді таңбалау бойынша шешімдер қабылдады
Сурет: primeminister.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Жиында ЕАЭО-ның басқа елдермен сауда байланысын дамыту, техникалық реттеу, тауарлардың шығу тегін анықтау және өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қаралды. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Отырыста қабылданған маңызды шешімдердің бірі -  ЕАЭО аумағынан тыс елдерге экспортталатын және арнайы реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың қай елде өндірілгенін анықтаудың бірыңғай ережелерін бекіту болды. Жаңа ережелер ЕАЭО-ға мүше бес мемлекетке ортақ болмақ. Онда тауардың өндірілген елін анықтау, оны құжатпен растау және кеден органдарының өзара ақпарат алмасу тәртібі белгіленген.

Бұл өзгерістер экспортталатын тауарлардың шығу тегін бақылауды жеңілдетуге, бір елде енгізілген шектеулерді ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері арқылы айналып өтуге жол бермеуге және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Тауардың шыққан елін растау үшін арнайы сертификаттар қолданылады. Мұндай құжаттарды тұрақты түрде шығарылатын өнімдерге де рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, сертификаттарды электронды түрде растау және тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Отырыста электротехникалық өнімдердің, жарықтандыру жабдықтары мен баспа схемаларының жекелеген түрлерін таңбалау жөнінде де келісімге қол жеткізілді. Олардың қатарында электр тоғын түзеткіштер, тасымалды электр шамдары, қыздыру шамдары, жарықтандыру құрылғылары және басқа да өнімдер бар. Алайда бұл барлық елде таңбалау бірден енгізіледі дегенді білдірмейді. ЕАЭО-ға мүше әр мемлекет таңбалауды енгізу қажеттілігін, мерзімі мен тәртібін өзі шешеді. Ол үшін алдымен кәсіпкерлермен талқылау жүргізіліп, қажетті инфрақұрылымның дайындығы бағаланады.

Сонымен қатар, отырыста ЕАЭО-ның басқа елдермен сауда байланысын кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, Иордания, Пәкістан және Туниспен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезиямен жасалған сауда келісімдерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Сербиямен қолданыстағы еркін сауда туралы келісімге тауарларды жеткізу шарттарын растауға қатысты өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еэк #сауда #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Бүгін 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 17:48

Алматыда SI Film Lab | Freedom 250 жобасы басталады

Бүгін 17:27

Алматыда сарапшылар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Бүгін 16:31

Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр ауқымды қайта жаңғыртудан кейін көрермендерге есігін қайта ашады

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);