ffin.kz

Ардагерлер мен жастар ұйымдары бас қосты

Ардагерлер мен жастар ұйымдары бас қосты Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Батырлар рухы – отаншылдық тәрбиенің негізі


Бүгін, 19 сәуір күні Алматыда ардагерлер мен жастар бас қосқан дөңгелек үстел өтті. Онда II дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ батырларының ерлігі еске алынды. Әрі қазіргі жастарға және жалпы қоғамға отаншылдық тәрбие беру мәселелері талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды деп хабарлайды almaty-aqshamy.kz.


Жиында қаламыздағы ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері бас қосты. Дөңгелек үстел «Қазақ батырларының ерлігі мен ар-намыс дәстүрі – Қазақстан жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізі» деген тақырыпта өтті. Қатысушылар халқымыз басынан өткерген соғыстарды, олардың тарихи бағасы туралы талқы өрістетіп, қазақ батырларының ерлік рухын бүгінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде қандай рөл атқаратынына тоқталды.


Сондай-ақ, дөңгелек үстел басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 наурызда Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы шеңберінде бастамаларына қатысты талқы өрістетті.  Ғылыми-сараптамалық талқылау барысында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде қазақ батырларының ерлігі мен ар-намысы дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, сондай-ақ, оларды қазіргі білім беру және ғылыми-мәдени саланың эволюциясы процестеріне интеграциялау тетіктері сынды өзекті тақырыптар да баяндама жасалды.


Іс-шараға тарихшы ғалымдар, жетекші саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара тізгінін ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмребаев ұстады. Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Ахан Бижанов, аталған Саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері Дина Ешпанова сынды аға буын өкілдері тақырыпты кең қамти отырып баяндама жасады.


Баяндама кезегінде Наурызбай ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Кәркенов қазіргі кездегі отан қорғау, ел сүйгіштік, ел болашағының қамына жұмыс істеу рухын сонау Қазақ хандығы кезіндегі батырлық рухты дәріптеуден бастау керек екенін алға тартты. Ол өзінің «Қазақ тарихы партриоттық тәрбие кеніші» атты баяндамасында әйгі Абылай хан мен Бұхар жыраудың диалогын мысалға келтіре отырып, еліміз ұзақ болашағын қазірден ойлап, алысты көздеуі керек деген ұсынысын ортаға салды. «Ертеңнің талабы, бүгіннің арманы» ұстанымы қазіргі жастарға отаншылдық тәрбие беруде басты назарда болуы керек деген ойын ортаға тастады.


Талқы үстелінде сөз алған Алматы қаласы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов қоғамда отаншылдық сезімді жетілдіруде ұрпақтар сабақтастығының маңызы зор екенін, аға буынның байсалды ақылы мен жастардың жастық максимализмін ұштастырғанда ұлттық идеология мен ұлттық бірегейлік сынды аса маңызды мәселерді шешуге болатынын жеткізді.



  • «Бүгінгі кездесу айрықша форматта өтті. Ардагерлер мен жастардың басын қоса отырып, еркін форматта өткені маңызды. Тақырыбы да өзгеше, яғни бүгінгі патриоттық тәрбие мәселесін талқылап жатырмыз. Мен өз тарабымнан талқы барысында жастар орталығында жасалып жатқан жобаларды таныстырып өтті. Айталық, ұлттық бірегейлік, отаншылдық бағытында «Менің елім, менік тілім» жобасы жүзеге асып жатыр. Бір жылдан астам уақыт болды «Сөйле – speaking» жобасында біз мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйрету, ортақ кездесулер өткізіп, басқалардың қазақ тілін меңгеруіне қолайлы орта жасаудамыз. Байқағанымыздай бұл тамаша нәтиже беріп жатыр», – дейді Әкежан Бақытұлы.


Жастар орталығының жетекшісі бұдан бөлек, қоғамда терең теріс әсерге ие вандализмге қарсы акцияларды өткізіп келе жатқанын, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын дамыта түсетін «Ардагерлерімізді аялайық» сынды жобаларын талқы барысында таныстырып өтті.


Айта кетейік, ауқымды әрі өзекті тақырыптарды талқылаған мағыналы шараны ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығы, Алматы қалалық ардагерлер Кеңесінің басшылығы және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған болаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43