AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әрбір бесінші қазақстандық темекі шегеді

Әрбір бесінші қазақстандық темекі шегеді

Әлеумет 20.10.2022, 08:41 2,443
Әрбір бесінші қазақстандық темекі шегеді
Сурет: Egemen.kz

Ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%), барлық ер адамның 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), ал әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%).


      Темекіні тарту жиілігі бойынша халықтың бөлінісі келесідей: респонденттердің 16,6% темекіні күн сайын тартады, анда-санда тартатындар – 3,8%, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


     Үйлерінде темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын респонденттердің үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) темекі тартпайтын адамдар.


      Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстарында (24,6%) тіркелді.


      Темекі тарту ауыр ауруларды тудырады деп санайтын респонденттердің үлесі 85,5%-ды  құрайды.


     Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманың қолданылуын қолдайтындар – 67,7%.


     2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 18–28 жас және 60 (63) жас және одан жоғары жас топтарында өсті, қалған жас топтарында төмендеді.



Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша елдегі ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша зерттеу жүргізеді. Оның мақсаты – темекіні тұтыну, пассивті темекі тарту және темекіні тастауға деген ынта-жігердің болуы жайында бағалау деректерін алу, сондай-ақ темекі тұтынуды бақылау мен оның алдын алу.



 Сауалнама жүргізу үшін тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу  желісі қолданылады. Деректерді жинау респонденттердің сұрақнамаларды толтыруы арқылы жүргізілді, бұл ретте зерттеуде респондент ретінде 11 839 үй шаруашылығының 15 және одан жоғары жастағы бір мүшесі қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#темекі #тұтыну #көрсеткіш #зияны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);