Ақтөбе облысында "омикрон" штамы анықталды

Ақтөбе облысында "омикрон" штамы анықталды Cурет: Ашық дереккөз

30-ға жуығы "омикрон" штамын жұқтырған


Ақтөбе облысында коронавирустың жаңа штамы "омикрон" анықталды. Бұл туралы өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.



«Бұған дейін тәулігіне коронавирус жұқтырудың бір-екі дерегі тіркелетін, кейде тіпті мұндай деректер болмайтын да. Ал қазір, кейінгі тәуліктің өзінде 70-ке жуық жағдай анықталды. Деректерге сүйенсек, олардың 30-ға жуығы "омикрон" штамын жұқтырған», - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.



Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 1 945 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 1 319-ы Нұр-Сұлтанда. Елорда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:00

21:59

21:57

19:41

19:39

18:09

17:48

17:20

16:31

15:45

14:45

14:04

12:20

11:33

10:29

09:08

21:56

21:51

21:49

19:10

19:02

18:56

18:10

17:54

17:41