AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтауда су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан с...

Ақтауда су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан сарбаздар запасқа шығарылды

Әлеумет 02.10.2024, 12:25 1,338 dulatbekova
Ақтауда су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан сарбаздар запасқа шығарылды
Сурет: Gov.kz

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының 500-ден астам сарбазы Жауынгерлік тумен қоштасты.

Атырау облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысқан 300-ден астам сарбаз Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарымен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және үлгілі әскери тәртібі үшін бірқатар әскери қызметшілердің ата-аналарына алғыс хаттар жолданды. Жекелеген сарбаздарға кезекті әскери атақ беру де маңызды сәт болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Азамат Сүлейменов бір жыл ішінде әскери қызметшілердің әскери мамандықты меңгергенін, олардың көпшілігі жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта тамаша нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

 – Сіздер «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуларына, көктемгі су тасқыны салдарын жоюға қатыстыңыздар. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды эвакуациялауды ұйымдастыруға және гуманитарлық көмек жеткізуге өз үлестеріңізді қоса білдіңіздер, – деді бригада командирі.

Қатардағы жауынгер Бейбарыс Сейітқасым әскердегібір жылғы қызметі туралы өз әсерін ортаға салуды да ұмытпады.

– Әскер бізге көп нәрсені үйретті. Командирлерге зейіні мен шыдамдылығы, әскери істі игеруге көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз әрі жоғары бағалаймыз, – деді ол.

Сонымен бірге 37 теңіз жаяу әскерінің келісімшарт бойынша қызмет етуге шешім қабылдағанын да айта кету керек. Запасқа шығарылған 60-тан астам әскери қызметші білім беру жеңілдіктерін пайдалануға және жоғары оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #су тасқыны #қазақстандық сарбаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);