Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақтауда қазақтың ұлттық киімімен Гиннесс рекорды о...

Ақтауда қазақтың ұлттық киімімен Гиннесс рекорды орнатылды

Әлеумет 22.03.2025, 17:15 750
Ақтауда қазақтың ұлттық киімімен Гиннесс рекорды орнатылды
Видеодан скрин

Ауа-райының жаңбырлы болуына қарамастан жұртшылық керемет көңіл-күймен жағалауға жиналып, рекорд орнатуға атсалысты.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты.

 «Best Fest Nauryz» атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға өз үлестерін қосты. Олардың қатарында түрлі сала мамандары, этнос өкілдері, қариялар, сондай-ақ өңірдің шалғай ауылдары мен еліміздің өзге облыс, қалаларынан арнайы келген тұрғындар да бар.

Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар арнайы жасақталған алаңға жиналып, Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. Бірнеше сағатқа созылған санау нәтижесінде, қойылған талаптардың толық орындалғаны расталып, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд иесі атанғанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды.

Осылайша, қазақтың ұлттық киімі Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұл тарихи оқиғаның ұлтымыздың мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытудағы маңызын атап өтіп, жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

 

Ұлыстың ұлы күнінде тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрімізді жер жаһанға паш еттік. Маңғаз Маңғыстауымызда қазақтың ұлттық киімінен әлемдік рекорд орнады. Осынау зор жетістікпенен барша отандастарымызды құттықтаймын! Қазақ халқының мәдениетін насихаттауға атсалысқан бастамашы топқа, Лондон қаласынан арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілдеріне және рекорд орнатуға үлес қосқан барша қатысушыларға алғысымды білдіремін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда «Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында Наурыз мейрамының орны айрықша екенін атап өтті. Президентіміздің бастамасымен Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан яғни Амал мерекесінен бастап 10 күн бойы атап өтуде. Күн менен түн теңеліп, Жер-Ана жаңа күйге еніп, тіршілік атаулы оянып, айнала мәре-сәре болатын Ұлыстың ұлы күні –жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын, ағайын!- деді Нұрдәулет Қилыбай.

Облыс әкіміне арнайы сертификатты табыстаған Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілі Ричард Стэннинг тамаша нәтижеге қол жеткізген қазақ халқын құттықтады.

-Құрметті қазақстандықтар, халқыңыздың басты мерекесі - Наурыз мейрамында рекорд жасадыңыздар. Бүгін қазақ елінің салт-дәстүрге берік екеніне, рухты, талғамы жоғары халық екеніне куә болдым. Шара да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тарихи оқиға жасауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!,-деді Ричард Стэннинг. 

Наурыз мерекесіне орай Ақтауда теңіз жағалауында 30 киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату секілді спорттық жарыстар өтті.

Амфитеатр алаңында өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, театрландырылған вокалды-хореографиялық қойылым қойды.

Мерекелік бағдарлама елімізге танымал эстрада жұлдыздарының гала-концертімен жалғасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #наурыз #ұлттық киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика