Ақтауда мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

  • 13:52, 06 қыркүйек 2025
Ақтауда мұнай өңдеу зауытында өрт шықты сурет: видео кадры

Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz  "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 6 қыркүйекте таңертең болған. Сағат 08:05-те зауыттағы атмосфералық колоннаға баратын құбырдан өрт тұтанған.

"Өрт ошағы 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесі арқылы сөндірілді. Сонымен қатар "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС және қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі де оқиға орнына жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, өрт салдарынан зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:36

16:38

15:22

15:16

14:52

12:43

11:05

10:16

09:15

22:00

21:59

21:57

19:41

19:39

18:09

17:48

17:20

16:31

15:45

14:45

14:04

12:20

11:33

10:29

09:08