AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақсуда спорт кешені ашылды

Ақсуда спорт кешені ашылды

Әлеумет 22.10.2022, 02:00 1,888
Ақсуда спорт кешені ашылды
Сурет: Әкімдік

Жетісу облысында Ақсудағы спорт кешенінен бөлек 5 спорттық сауықтыру кешені бар


Республика күні қарсаңында Жетісу облысы Ақсу ауылында заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Аталмыш нысан ақсулық меценат Айдын Сүлейменнің демеушілігімен салынып отыр. Нысанда бір мезгілде 180 бала спортпен шұғылдана алады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Спорт кешенінің ашылу салтанатына Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, ауыл тұрғындары қатысты. 



Құны 350 млн. теңге болатын құрылыс жұмыстарын «Строй монтаж вектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Кешенде 4 жаттығу залы бар десек, олар түгелдей қажетті спорттық жабдықтармен қамтылған. Яғни ауыл балаларының баскетбол, волейбол, шағын футбол, бокс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша және еркін күреспен айналысуына мүмкіндік жасалған. Нысанда бір мезгілде 180 бала спортпен шұғылдана алады. 



- Бұған дейін балалар еркін күрестен ауылдағы Мамания мектебінің спорт залы базасында жаттығып келді. Оларды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бөлінген маман жаттықтыратын. Енді күреспен қатар басқа да спорт түрлеріне қызыққан балалар осы кешенінің арнайы залдарында шынығатын болады. Штатқа жаттықтырушылар спорт мектебінен тартылады, - деді Ақсу аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Асхат Сауғанбаев. 



Кешен жастарды саламатты өмір салтына баулып қана қоймай, уақытты тиімді пайдалануға, табандылық пен төзімділігін шыңдауға мүмкіндік бермек. Ақсу ауылының тұрғындарының орталықта болашақ чемпиондар өсіп шығарына сенемдері мол. 


Жалпы қазір Жетісу облысында Ақсудағы спорт кешенінен бөлек 5 спорттық сауықтыру кешені бар. Биыл облыста тағы 8 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде Алакөл ауданындағы Достық және Лепсі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Алакөл ауданы Бескөл ауылында, Панфилов ауданы Үлкен Шыған, Пенжім ауылдарында спорт кешендері салынуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы #Спорт нысаны #Ақсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);