AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АҚШ-тан қазақтар туралы құнды кітап табылды

АҚШ-тан қазақтар туралы құнды кітап табылды

Әлеумет 19.12.2023, 14:43 1,062
АҚШ-тан қазақтар туралы құнды кітап табылды
фото: видеодан скриншот

Америкадан ертедегі қазақтар туралы жазылған көне кітап табылды


АҚШ-та құнды мұраларды зерттеп жүрген журналист Дүйсенәлі Әлімақын қазақ тарихы туралы көне кітапты тапты. Жинақ 1925 жылы Нью-Йорк және Бостонда бірден басылып шыққан, деп хабарлады 24 KZ.


Телеарна мәліметінше, кітап Вашингтондағы Католик университетінен табылған. «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқитын Дүйсенәлі Әлімақын мұрағаттарды ақтарып, бір ғасыр бұрын жазылған британдық жазушы, тарихшы әрі қоғам қайраткері Ральф Фокстың кітабын тапты. «Дала халықтары» атты жинақ автордың алғашқы еңбегі екен.


Кітап ішінде қазаққа қатысты дерек өте мол деп айтуға болады. Бастысы, кітаптың екінші мұқабасына қазақтың құсбегісінің суретін салған. Кәдімгі 1900 жылдардағы қазақтың бейнесі. Сосын мұнда арнаулы тарауы «Қазақ мінезі» деп аталады. Қазақ туралы, қазақтың кім екені жөнінде жазылған. Бастысы, бұдан бұрынғы батыс және басқа елдің саяхатшылары қазақтарды қырғыздармен шатастырады. Ал мұнда бұл ұғымға өте дәлдікпен баға береді, - дейді журналист Дүйсенәлі Әлімақын.


Батыс зерттеушілері 19-ғасырда қазақ халқы туралы түрлі еңбектер жазған. Ральф Фокс – солардың бірі. Ол қазақ ауылдарын аралап, тұрмысын, салт-дәстүрін зерттеген. Автор қазақ жерінде көрген-білгенін нақты деректермен жазған. Кітапта 1900 жылдары Арал теңізінің Көк теңіз деп аталуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ақиқаты мен екі ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің бет-бейнесін суреттеп, халықтың тұрмысын сөз етеді.


Батыс саяхатшылары болсын, Америка саяхатшылары болсын, бәрі 1800-1900 жылдардан бастап қазақ даласына барған. Солардың тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, саяси жағдайын, олардың көзқарасы, діні, мектебі, жағдайы... бәрі туралы ақпарат жазып, Америкада, Еуропада кітап қылып шығарған. Неге десеңіз, бұл қарым-қатынастың сол кезден басталғанын айғақтайды, - дейді журналист Дүйсенәлі Әлімақын.


Тілші мәліметінше, Дүйсенәлі Әлімақын небәрі үш айда бір ғана Вашингтоннан қазақ халқына қатысы бар тарихи фактілерге толы осындай бірнеше кітапты тапқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #кітап #Жәдігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика