AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақтарға жолақы төле...

АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақтарға жолақы төленеді

Әлем 21.05.2025, 12:18 796 yakiya
АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақтарға жолақы төленеді
Сурет: Жансар Маратұлы

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақтарға елге қайту үшін 1 мың доллардан беріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қазақстандықтарды АҚШ-тан депортациялауға қатысты мән-жайды айтты.

Оның сөзінше, қазақстандықтар шетелде заңсыз жүрсе бұл олардың жауапкершілігі. 

"Тиісті ақпарат берілді, ол екі тарапта да жарияланды. АҚШ тарапы елде еркін жүруге қатысты өзгеріс жасады. Өз еркімен кететіндердің жолын төлейді. Жаңа бағдарлама бойынша мың доллар көлемінде өтемақы береді. Ал санға қарасақ, жақында 19 азамат өз еркімен келді. Бұл өте аз. Басқа елдерге қарағанда аз. Себебі біздің азаматтар ол аймақта заңды түрде жүр. Консулдық есепте 3,7 мың азамат есепте тұр", дейді Қуантыров. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елде заңсыз жүрген адамдарға үндеу жасаған болатын. 

Елшілік мәліметінше, АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударған.

Бұл бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.

Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты пікір білдірген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ #Қазақстан #жолақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);