AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін...

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Әлем 26.03.2026, 11:09 226 Дина
АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Лос-Анджелестегі алқабилер соты 20 жастағы қыздың психикалық денсаулығына келтірілген зиян үшін Meta мен Google-ды жауапты деп танып, оған жалпы 6 миллион доллар өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл іс әлеуметтік желі платформаларының тәуелділік тудыратын алгоритмдеріне қатысты алғашқы ірі үкімдердің бірі саналады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

АҚШ-та әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге әсеріне қатысты тарихи шешім шықты. Лос-Анджелестегі сот 20 жастағы талапкердің психикалық денсаулығына келген зиян үшін Meta мен Google компанияларын кінәлі деп таныды. Алқабилер шешімі бойынша, екі компания оған 3 миллион доллар өтемақы және 3 миллион доллар айыппұл сипатындағы өтемақы төлеуі тиіс. Оның 70 пайызы Meta-ға жүктелген.

Іс материалдарына сәйкес, бойжеткен YouTube-ті кішкентай кезінен, Instagram-ды бастауыш жастан бері қолданған. Сот барысында оның әлеуметтік желіге шектен тыс байланып қалғаны, соның салдарынан депрессия, мазасыздық және өз келбетіне қатысты психологиялық қиындықтар күшейгені айтылды.

Бұл үкімнің маңызы зор, себебі алқабилер алғаш рет әлеуметтік желі сервистерін балалар мен жасөспірімдерді өзіне байлап қоятындай етіп жасалған «ақаулы өнім» ретінде қарастыруға болатынын көрсетті. Іс шамамен екі мыңнан астам ұқсас талап-арызға жол ашатын сынақ ісі ретінде бағаланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);