AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырд...

АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?

Әлем 05.03.2025, 09:37 1,354
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
aikyn.kz

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Қытайдан келетін тауарларға салатын салықтарын арттыруы еліміздің экономикасына теріс әсер етпейді деп күтіп отыр, әрі Қытай тауарларының көптеп кіруі жайлы алаңдаушылық жоқ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Қытай түрлі тауарлардың үлкен көлемін өндіреді. АҚШ-тағы Қытай тауарларына деген сұраныс Қазақстандағы сұраныстан ерекшеленеді. Яғни, тұтынушылық сұраныс пен нарықтың талғамы әртүрлі. Сондықтан тауарлардың көптеп кіруі күтілмейді. Қазақстанға ықпал ету тек транзиттік ағындарда болуы мүмкін, себебі Қытай Еуропаға экспортын арттырып, АҚШ-пен тікелей сауда кедергілерінен аулақ болуға тырысады", – деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Дегенмен, экономистер бұл мәселеге оң көзқараспен қарамайды. Экономист Ғалымжан Айтқазиннің пікірінше, Қытай тауарларының қымбаттауы әлемдік деңгейде инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін және бұл Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізуі мүмкін.

"Менің ойымша, АҚШ-тың Қытайға 20% салық енгізуі Қытай экономикасының бәсеңдеуіне әкеліп, бұл өз кезегінде мұнай, металдар және уранға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Ал Қазақстанның шикізат экспортына жоғары тәуелділігі еліміздің экспорттық кірістерінің төмендеуіне әсер етеді. Сонымен қатар, шикізат бағасының өзгеруі валюталық курстың құбылуына алып келуі мүмкін", – деп атап өтті ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #Қытай #АҚШ #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік қызметкерге қоятын талап күшейді

Бүгін 11:45

Астана 2026 жылы үшінші халықаралық "Болашақ ойындары" өтеді

Бүгін 11:42

Қазақстан атынан Хорватиядағы Еуропа кубогында кімдер бақ сынайды?

Бүгін 11:36

«Байқа! Алаяқ!»: кибералаяқтар туралы комедия прокатқа шықты

Бүгін 11:27

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді

Бүгін 10:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика