AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақмарал – «Үздік педагог» атанды! 

Ақмарал – «Үздік педагог» атанды! 

Әлеумет 10.09.2024, 13:36 1,790
Ақмарал – «Үздік педагог» атанды! 
aqshamnews.kz

Дәстүрге айналған «Үздік педагог» конкурсының аудандық кезеңі аяқталып, №206 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі Ақмарал Ниязбекова бірінші орынды иеленіп, Наурызбай ауданының «Үздік педагогы» атанды.

Жас та болса мол тәжірибесі бар ұстаздың білім саласындағы жұмыс өтілі 23 жылды құрайды. Осынау жылдар ішінде Ақмарал Қалтайқызы өзінің ізденімпаздығымен, еңбексүйгіштігімен талай белесті бағындырды.

Өр Алтайдың табиғатынан нәр алып, шыңдалып өскен Ақмарал Қалтайқызы арман қуып алыс жолға шығады. Ұстаз болсам деген арманы алдамады. Өмірде жақсы жандарға жолықты. Қиын да, қызықты мамандықтың майталман маманына айналды.

Ақмарал Ниязбекова еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №138 гимназияда физика пәнінің мұғалімі болып бастайды. Кейін Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназиясында жұмыс істеп, қазіргі уақытта №206 мектеп-гимназиясында өз қызметін жалғастырып жатыр. Білікті ұстаз қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Өз саласының қыры мен сырын меңгеріп, нағыз маманға айналды. Ұзақ жылғы тәжірибе мен тынымсыз еңбек оны талай биікке шығарды. Ұстаздың ізденісі талай байрақты бәйгелерге жол ашты.

Ізденімпаз ұстаздың қатысқан байқаулары өте көп. Олардың қатарында «Дарын» республикалық практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама», «Digital Ustaz Almaty 2021» цифрлық орта құру байқауы, «Үздік педагог», «Педагогикалық идеялар» сияқты байқаулар бар. Білікті ұстаздың осы саладағы еңбегі ескерусіз қалған жоқ.

Ол «Қазақстан Республикасының құрметті педагогы» төсбелгісінің иегері атанды, бірнеше мәрте қалалық Білім басқармасынан «Алғыс хаттар» алды. Есімі «Білім беру саласындағы үздік есімдер» атты үздік педагогтар антологиясына енді. Әрине, ұстаздың еңбегі шәкірттерінің жетістіктерімен де өлшенеді. Ақмарал ұстаздың оқушылары Президенттік олимпиада, қалалық, республикалық және «Дарын» орталығы ұйымдастырған пәндік олимпиадаларда физика пәні бойынша жүлделі орындарға ие болып келеді.

Біз білетін Ақмарал Қалтайқызының инновациялық бейнесі оның шәкірттерінің білімдік және зерттеушілік жетістіктерінің жоғары нәтижелерімен ерекшеленеді. Ол – оқушылардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік ету арқылы өзінің шығармашыл әрі ізденімпаз педагог деген имиджін қалыптастырған шебер ұстаз.

– Осынау жылдар ішінде өзім таңдаған мамандықтың нағыз маманы болғаныма қуанамын. «Ұстаз болу – батылдықтың белгісі» дейді ғой. Бұл шындық емес пе? Мен бүгін өзім армандап, таңдаған мамандықтың иесі атандым. Шәкірттерім де берген білімімді ақтап, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Әлі де білімнің биігіне ұмтылсам деймін, – дейді Ақмарал Қалтайқызы.

Оның алар асуы мен шығар биігі әлі алда.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ақмарал Ниязбекова #Үздік педагог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика