AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда...

Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады

Әлеумет Бүгін 12:21 20
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
Алматы әкімдігі

Алматыда бірнеше күн бойы жауын-шашын болады: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

10 қараша кешкі уақыттан бастап Алматыда жауын-шашын түсіп, 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, қаланың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, Алматының жоғарғы бөлігінде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Жауын-шашынның негізгі бөлігі 11 қарашаға қараған түні түседі деп болжанып отыр. Қалада 20 мм-ге дейін, таулы аумақтарда 30 мм-ге дейін жауын-шашын болуы ықтимал. Күндіз тағы 5-7 мм жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер 12 қарашаға қараған түні де жаңбыр, қар жауып, тұман түсетінін болжайды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су басу қаупі бар аумақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 1 579 адамнан тұратын 85 жедел бригада жұмылдырылады. 415 техника, 97 мотопомпа және құм салынған 2 950 қап дайындалды.

Сонымен қатар қаланы күнделікті тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын ұстану қажет. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау және су жиналуы мүмкін жерлерге көлік қоймау ұсынылады. Мүмкіндігінше таулы аймақтарға бармаған жөн. Ал қатты жел кезінде ағаштардың астында, жарнама құрылымдары мен электр желілерінің маңында жүрмеген абзал.

Қалалық қызметтер ауа райына байланысты жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда жедел әрекет етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТКШ нысандарын жаңарту – жылу беру маусымының сенімді өтуінің басты кепілі — Олжас Бектенов

Бүгін 12:30

Қазақстанда 19 өрт сөндіру депосы салынды

Бүгін 12:27

Тұрмыстық баллондардың айналымын бақылау күшейтілуде

Бүгін 12:13

Қазақстанда тұрғын үй секторында өрттің алдын алу күшейтілуде

Бүгін 12:06

Шин Мин а, Ли Чон Сок: корей дорамасына түскен қазақ қызының хикаясы

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);