Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақкенттегі өрт. Барлық зардап шеккендерге қажетті...

Ақкенттегі өрт. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді

Оқиға 02.08.2023, 08:46 1,112
Ақкенттегі өрт. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді
baigenews.kz
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54-үйдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


02.08.2023 жылғы жағдай бойынша өрт салдарынан барлығы 49 адам зардап шекті, оның ішінде екі ересек адам (№7 қалалық клиникалық аурухана), 15 бала ( "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына" - 9 бала, 6 бала - №2 балалар клиникалық ауруханасына) жатқызылды. Қалғандары барлық қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.


Екі ересек адам реанимацияда жатыр. Біреуі Кататравма диагнозымен 35 жастағы әйел. Биіктіктен құлаумен байланысты жарақаттар, көптеген сынықтар. Екі өкпенің жарақаты. Жану өнімдерімен улану. 2-дәрежелі травматикалық шок және ауыр бас-ми жарақаты диагнозымен 19 жастағы қыз бала бар. Бойжеткенде де көптеген сүйектері сынған.Назгүл Иманғалиева

1992 жылы туған әйел ауыр жарақаттардан қайтыс болды. Жағдайы ауыр кезінде дереу No7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6-қабаттан құлаған.


1 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты. Ауруханалардың қабылдау бөлімінде қажетті мамандарды тарта отырып, барлық науқастарға қажетті көмек көрсетілді, көрсетілген көмектен кейін 17 ересек және 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ақкент #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика