AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ақ Орда хандарына қатысты Франциядан табылған құнд...

Ақ Орда хандарына қатысты Франциядан табылған құнды қолжазбаның көшірмесі жарияланды

Мәдениет 19.09.2024, 10:07 1,592
Ақ Орда хандарына қатысты Франциядан табылған құнды қолжазбаның көшірмесі жарияланды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қолжазбалар және сирек кітаптар  ұлттық орталығы «Архив 2025» бағдарламасы аясында Франциядан табылған Қазақстан тарихына қатысты құнды қолжазбаның көшірмесін жариялады.

Франция Ұлттық кітапханасында сақталған «Таңдамалы шежірелер» тарихи шығармасы хижраның 816 жылы / яғни 1413 жылы Ширазда жазылған. Яғни, бұл шығарма XV ғасырға тән. Парсы тілінде араб жазуымен жазылған кітап 15 тақырып бойынша 15 тараудан тұрады. Кітап 413 бетті құрайды. Атап айтқанда, кітапта Ақ Ордаға толық сипаттама беріліп, Ақ Орда хандарының билігінің толық хронологиясы қамтылған. Сондай-ақ, Ақ Орда билеушілерінің аты-жөні, әкелері мен шешелерінің аты-жөні және жерленген жерлері туралы құнды кесте берілген.

Кітапта Алтын Орданың Көк және Ақ Ордаларға ыдырау кезеңі сипатталған. Сонымен қатар, Сығанақта Ақ Орданың 10 билеушісі жерленгені туралы да айтылады.

Муин ад Дин Натанзи XIV ғасырдың екінші жартысында Исфахан маңындағы Натанз ауылында (Иранда) дүниеге келген. Давлатшах Самарқандидің «Тазкират аш-шуаро» («Ақындардың өмірбаяны») шығармасына сәйкес, XV ғасырдың басында Муин ад Дин Натанзи Ширазда Мырза Искандер (Әмір Темірдің немересі) сарайында тұрды және Хайдар Хорезми, Хафиз Хорезми және т. б. сияқты ақындардың замандасы болған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығы атап өтілуде. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақ Орда #Жошы ұлысы #құнды қолжазба #көшірме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Бүгін 15:31

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келді

Бүгін 15:12

Алматы полициясы айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізушіні ұстады

Бүгін 15:10

Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

Бүгін 15:05

«Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

Бүгін 14:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);